«Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы қызметін талдау және бағалау» тақырыбындағы сараптамалық-талдамалық іс-шарасының қорытындылары
2025 жылғы 17 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда «Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы қызметін талдау және бағалау» тақырыбындағы сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындылары қаралды, ол Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі және ілеспе нормативтік құқықтық актілер шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШОК) қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларының кең спектрін қамтамасыз етеді, несиелеу кезінде сыйақылар мөлшерлемелерін субсидиялау, несиелеу бойынша кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, инженерлік инфрақұрылым жүргізу, микрокредиттеу, сондай – ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі-ШОКС) оқыту мен кеңес беруді қамтиды. Сонымен қатар, Кодекспен бірқатар бейіндік заңдардың қызметінің қолданысын атап өтілді, бұл оларды таныстыру мен қолдануға қосымша уақыт шығындарды қажет етеді. Мысалы, Кодексте электрондық коммерция саласын тікелей реттейтін арнайы нормалар жоқ.
ШОК-ты қолдаудың халықаралық тәжірибесін талдау мемлекеттік қолдау шараларының едәуір бөлігі біздің елімізде қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың осындай тиімді тәжірибелерін қосымша пайдалануға болады:
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновацияларды коммерцияландыруға дейін жеткізумен және мемлекеттік тапсырыстарды одан әрі ұсынумен мамандандырылған гранттар;
- экологиялық және агро азық-түлік технологияларына бағытталған жобалар бойынша гранттар;
- кепілсіз несиелеу жүйесі;
- акцияларды бастапқы орналастыруға немесе облигациялар шығаруға дайындық құралдары;
- шағын және орта кәсіпкерліктен ірі кәсіпкерлікке ауысу кезінде ШОБ субъектілерін қолдау тетіктері мен құралдары (оның ішінде менторинг, пайданы қайта инвестициялау және т.б.).
Талданатын кезеңде (2022-2024 жылдар) жергілікті атқарушы органдар мынадай мемлекеттік қолдау шараларын іске асырды:
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы:
- инвестициялық жобаларды іске асыруға және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну («Астана бизнес-2»ШОК, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2 500,0 млн. теңгеге кредит беру» 010 ББ бағдарламасы қолдаудың өңірлік бағдарламасы);
- Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау/шағын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін және ішінара кепілдендіруді портфельдік субсидиялау (017 «Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» ББ 19 819,0 млн. теңгеге);
- кредиттер / қаржы лизингі бойынша кепілдік беру (018 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру» ББ жалпы сомасы 3 311,0 млн. теңге);
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру (015 «Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» ББ жалпы сомасы 1 218,0 млн. теңге, 082 «Бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» ББ жалпы сомасы 134,0 млн. теңге);
- ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау (056 «Кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг» ББ жалпы сомасы 8,7 млн.теңгеге).
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы:
- кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру;
- қайтарымды негізде микрокредит беру.
(003 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» ББ жалпы сомасы 776,6 млн. теңге).
3) Бюджеттік бағдарламалардың өзге де әкімшілері:
- инженерлік инфрақұрылымды жүргізу.
Сонымен қатар, жергілікті деңгейде заңнамада көзделген шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «бәсекеге қабылеттілік» инвестициялық гранттарын ұсынуға қарамастан, Астана қаласында талданып отырған 2022-2024 жылдар кезеңінде бұл қолдау шарасы бюджеттік қаржыландырудың болмауы себебінен көрсетілмеген.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының жыл сайынғы өсуіне қарамастан (2022 жылы 204 308-ден 2024 жылы 248 284-ке дейін), Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарын мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған ШОК субъектілерінің үлесі өте аз деңгейде. Осылайша, талдау көрсеткендей, 2022 жылы олардың үлесі жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санының 0,8% құрады, 2023 жылы – 1,9%, ал 2024 жылы-1,5% дан аспайды. Бұл динамика кәсіпкерлердің негізгі бөлігі үшін қолдау тетіктерінің төмен қолжетімділігін көрсетеді.
Астана қаласының Даму жоспарының индикаторларына қол жеткізуді талдау 2022 – 2023 жылдары «Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі» индикаторына және 2023 жылдың қорытындысы бойынша «бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі» индикаторына қол жеткізбеуді көрсетті. «Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі» даму жоспары макроиндикаторының жоспарлы мәндері (2024 жылға 12,9% және 2025 жылға 14,9%) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасына қатысты төмендетілді. Бұдан басқа, түзету кезінде «ЖАӨ-дегі ШОБ ЖҚҚ үлесі» индикаторының жоспарлы мәндері алдыңғы кезеңдердің нақты мәндерінен төмен белгіленді. Осыған ұқсас фактілер Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бюджеттік бағдарламалары нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша анықталды. Нәтижесінде жылдар бөлінісінде динамикадағы индикаторлар мәндерінің өсуі/төмендеуінің нақты көрінісі көрінбейді. Индикаторларды төмендету Даму жоспары мен Тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік қолдау алған ШОК субъектілерінің салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ұлғайту, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған мәліметтер негізінде құрылған жұмыс орындарының санын талдау 423 субъектінің бүкіл кезеңде «нөлдік айналымы» бар декларацияларды тапсырғанын, 32 субъектінің «әрекетсіз» мәртебесі бар екенін көрсетті (яғни бар субъектілер екі жылдан астам уақыт бойы салық есептілігін ұсынбайды және қаржы-шаруашылық қызметін жүргізбейді). Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау алған жекелеген ШОК субъектілерінің салық түсімдерін төмендету фактілері бар. Бұл фактілер осы ШОК субъектілері бойынша мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелілігінің жоқтығын, сондай-ақ ШОК субъектілерінің шарттардың негізгі талаптарын (жұмыспен қамту мен салықтардың өсуі, қаражаттың мақсатты пайдаланылуы) сақтамауын көрсетеді, бұл ретте «Даму» Қоры, екінші деңгейдегі банктер және Басқарма бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Салық органдарымен салыстыру сонымен қатар Жұмыспен қамту басқармасының кәсіпкерлік бастамасын мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелері мен нақты салық есептілігі арасындағы айтарлықтай алшақтықты көрсетті:
- 2022 жылы грант алушылардың 53,4% - ы қызметтерін атқарған жоқ;
- жаңадан құрылған жұмыс орындары салық органдары нақты растаған жұмыс орындарынан бірнеше есе артық.
Осылайша, бұл грант алушылар (микрокредиттер) мен Жұмыспен қамту басқармасы ұсынатын есептіліктің дұрыстығына, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігіне күмән келтіреді.
Сонымен қатар, ШОК қолдау басқармасының қызметін талдау жеке кәсіпкерлікті қолдау Қағидаларының және «Даму» филиалымен жасалған шарттардың талаптары Басқармаға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне толыққанды мониторинг жүргізуге мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Мысалы, Басқарма (Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) мен «Даму» филиалы (Қаржы агенттігі) арасындағы субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттардың талаптары «Даму» филиалының Басқармаға бөлінген қарыздарды ШОКС нысаналы пайдалануына жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша есептер беруі туралы талапты көздемейді, бұл өз кезегінде осы бағдарлама бойынша көрсетілген қолдау шараларының тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, «Астана бизнес 2» ШОК қолдаудың өңірлік бағдарламасы бойынша шарттардың талаптарына сәйкес ШОКС субъектілерінің кредиттерді нысаналы пайдалануына мониторингті жүзеге асыру оның міндеті емес, ол «Даму» филиалының құқығы ғана болып табылады. Қажетті талаптардың болмауы осы бағдарламаның барлық қатысушыларының шарт талаптарын орындауына теріс әсер етуі мүмкін және ШОБ-қа артықшылық беру түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсету мүмкіндігіне жол береді.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау Қағидаларында қолдау көрсету кезінде бюджет қаражатын аумақтық бөлу туралы талап жоқ. Басқарма мен «Даму» Қоры АҚ арасында жасалған қолданыстағы субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттарда қолдау алушылардың өңірлік тиесілігін көрсету көзделмеген. Нәтижесінде Астана қаласының жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа өңірлерде тіркелген және іс жүзінде қызметін жүргізетін ШОК субъектілеріне қаржылық көмек көрсетіледі. Бұл елорда үшін салық түсімдері және жұмыс орындарын құру түріндегі экономикалық тиімділіктің жоғалуына әкеледі.
Сараптамалық-талдамалық қорытындыда белгіленген кемшіліктерді жою мақсатында тиісті ұсынымдар берілді, олар бүгінгі қараудың қорытындысы бойынша Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберіледі, ақпарат қала әкімдігі мен мәслихатына да жолданатын болады.