«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы» мақала
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде өз орнын алады. Оның қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
Тексеру комиссиясы жүктелген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде 2021 жылда 18 тексеру іс-шарасын өткізді, аудит барысында 68 аудит объекті тексеріліп, жалпы сомасы 281 380,2 млн. теңгенің қаражаты қамтылды, атап айтқанда:
- мемлекеттік органдарда - 98 074,7 млн. теңге;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінде - 183 305,5 млн. теңгені құрады.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы
1 198 746,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтары -
1 095 867,2 млн. теңге немесе 91,4%; бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдаланылған – 13 908,9 млн. теңге немесе 1,2%; тиімсіз жоспарлау – 88 970,0 млн. теңге немесе 7,4%.
Сонымен қатар, аудит объектілерінің қызметінде 1 586 рәсімдік бұзушылық және 595 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша өтеуге тиіс –
4 455,4 млн. теңге, қалпына келтіруге – 1 091 411,7 млн. теңге анықталды оның ішінде:
- өтелгені - 4 010,2 млн. теңге немесе 90,0%;
- қалпына келтірілгені - 1 090 310,0 млн. теңге немесе 99,9%.
Аудиторлық іс-шаралар бөлінісінде барынша толық ақпаратпен Тексеру комиссиясының www.rkastana.gov.kz. ресми сайтында танысуға болады.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілері аудиттерінің қорытындылары объектілердің мемлекет активтерін тиімсіз пайдалануға жол берілетінін көрсетті. Мысалы, «Астана-Теплотранзит» АҚ электр энергиясын тиімді тұтыну және есепке алу үшін 393,6 мың теңге сомасында көзделген электр энергиясын есепке алумен байланысты активтерді тиімсіз пайдаланылды, жыл сайын баласында тіркелмеген 5 сорғы станциясын ұстауға қаражат жұмсалған. «Астана-Энергия» АҚ-да кейіннен пайдаланылмаған активтер сатып алынған, 2-ЖЭО қоймасында
24,2 млн. теңге көлеміндегі сомаға активтер анықталды, олар 2015-2019 жылдары сатып алынып, осы күнге дейін пайдаланылмағаны анықталды.
Бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылығы бөлігінде анықталған бұзушылықтарды талдау Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Активтер мен мемлекеттік сатып алулар басқарамаларында бюджеттік түсімдердің көлемін болжау дұрыс жүзеге асырылмайтынын көрсетті. Мысалы, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында жоспарлау кезінде азаматтарға пәтер жалдауға және сатуға арналған салынып жатқан объектілер ескерілмеген, сондай-ақ жалға алушылардың берешегіне байланысты қалыптасқан тұрғын үйді жалдау бойынша төлемдердің толық түспеуінің жағдайлары орын алған.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында коммуналдық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілмейді.
Жалақыны есептеу кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнама нормаларын сақтамау, қызметкерлердің өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, басшы құрам тарапынан тиісті бақылаудың қамтамасыз етілмеу бөлігінде жүйелі бұзушылықтар орын алуда. Мысалы, Дене шынықтыру және спорт басқармасында ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақыны заңсыз қосу есебінен қаржыландыру көлемін арттыру фактілері анықталды, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерде жаттықтырушы-педагогтар мен медицина қызметкерлерінің ставкаларының санын арттыру фактілері орын алады. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды іске асыру шеңберінде автобус парктерінің қызметіне нашар бақылау жүргізіледі, үстеме шығыстар нормалары мен рентабельділік коэффициенттерін төмендету бөлігінде субсидиялау қағидалары мен тарифтерді есептеу әдістемесінің талаптары сақталмайды, бұл бөлінген субсидиялар сомасына және өз кезегінде – автобус парктерінің шығындарына әсер етуде.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша бұзушылықтар үшін ден қоюдың негізгі шаралары ретінде қаражатты қалпына келтіруден және өтеуден басқа, аудит объектілерінің жауапты тұлғаларына тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік қолданылады.
Мысалы, 2021 жыл ішінде жол берілген бұзушылықтар бойынша 251 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке – 104 адам , әкімшілік жауапкершілікке – 147 адам (оларға жалпы сомасы 21,6 млн.теңге айыппұл салынды).
Сонымен қатар, 2021 жылы жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша 79 ұсыным мен 260 тапсырма жіберілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша барлық проблемалық мәселелерді қамтитын ақпарат тұрақты негізде
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және қала әкіміне жіберіледі.
Елордада қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтардың алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды жалғастыра бермекші.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ