Әдеп жөніндегі уәкілі

Әдеп жөніндегі уәкіл- қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын  және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация  беретін мемлекеттік қызметші.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің парағында  Сіздерді қарсы алуға қуаныштымын.

Мұқанов Сәбит Төлеуұлы

2023 жылғы 27 желтоқсаннан бастап Әдеп жөніндегі уәкілмін.

Өзім туралы: 1964 жылы туғанмын, Павлодар облысының тумасымын, жалпы еңбек өтілім  40 жылдан  астам,  оның ішінде мемлекеттік  қызметте  33 жыл жұмыс жасаймын.

Мемлекеттік аудиттің Жоғары органында, орталық мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда  жұмыс тәжірибем бар. Қазіргі уақытта Тексеру комиссиясы мүшесі лауазымын  атқарамын.

Сіз мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын бұзу фактілері туралы  72-92-67, +7 (701)-150-72-26 сенім телефондарына  хабарлай аласыз немесе бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға жазыла аласыз.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдау кестесі

АПТА САЙЫН СӘРСЕНБІ КҮНІ

сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін  каб. 508

Телефон: +7 (7172) 72-92-67, +7 (701)-150-72-26

Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат, 508 кабинет.