Әдеп жөніндегі уәкілі
Әдеп жөніндегі уәкіл- қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің парағында Сіздерді қарсы алуға қуаныштымын.
Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы
2023 жылғы 7 тамыздан бастап Әдеп жөніндегі уәкілмін.
Өзім туралы: 1985 жылы туғанмын, Алматы қаласының тумасымын, мемлекеттік қызметте еңбек өтілім 9 жылдан астам, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында қызмет етіп келемін, жалпы еңбек өтілім 16 жылдан асты.
Мемлекеттік аудиттің Жоғары органында, орталық мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік секторында басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибем бар. Қазіргі уақытта Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы лауазымын атқарамын.
Сіз мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын бұзу фактілері туралы 72-92-71, +7-701-722-00-31 сенім телефондарына хабарлай аласыз не бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға жазыла аласыз.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдау кестесі
АПТА САЙЫН СӘРСЕНБІ КҮНІ
сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін каб. 501
Телефон: +7 (7172) 72-92-71, +7-701-722-00-31
Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат, 510 кабинет.