Құрылымдық бөлімшелер
Құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен функциялары
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімі (Бөлім басшысы – Ш. Т. Байсеитова) :
- Астана қаласының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін тиімді басқаруды және пайдалануды талдау, бағалау және тексеру;
- Бюджетке қаржаттың өтелуін, жұмыстардың , қызмет көрсетулер мен тауарларды жеткізуді және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасының есептемесін көрсету арқылы қалпына келтіру және аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету.
Жоспарлау, талдау және есептеме бөлімі (Бөлім басшысы – А. Ж. Самарбекова):
- Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жоспарлау;
- Құзыреті шеңберінде Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау;
- Тексеру комиссиясы қызметінің нәтижелерін дайындау және талдау.
Құқықтану қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімі (Бөлім басшысы –А. Н. Әлназарова):
- Мемлекеттік орган қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
- Тексеру комиссиясының заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, құзыреті шегінде жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
- Негізгі қызмет бойынша және аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу.
- Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне сапалық бақылауды жүзеге асыру;
- Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және тексеру комиссиясы нұсқамалары тармақтарының орындалуына сапалық бақылауды жүзеге асыру.
Персоналды басқару қызметі (Бөлім басшысы – Н. К. Токушева):
- Тексеру комиссиясының персоналды басқару жүйесінің тұтастығын қалыптастыру;
- Тексеру комиссиясының персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;
- Тексеру комиссиясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.