«Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін талдау» тақырыбында дөңгелек үстел
2025 жылғы 25 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) «Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін талдау» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті, жиынға Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Астана қаласының Білім басқармасының басшысы К.С. Сенгазыев, Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры А. Г. Мұханбетов, мемлекеттік колледждерінің директорлары және Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы И. Л. Ақпомбаев техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында мамандарды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту, дуальды оқытуды дамыту және кадр резервін қалыптастырудың мәселелеріне тоқталды. Комиссия төрағасы Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын атап өтті.
Тексеру комиссиясының мүшесі С.Т. Мұқанов өз баяндамасында талқылаудың негізгі тақырыбы — бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі және техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік активтерді пайдалану екенін айтты.
Астанада 32 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 9 мемлекеттік және 23 жекеменшік колледж бар, онда 38 062 студент оқиды, оның 68% - ы мемлекеттік тапсырыс бойынша, бұл мемлекеттің білікті кадрларды даярлаудағы маңызды рөлін көрсетеді. Кәсіби дайындық 76 мамандық және 126 біліктілік бағыттары бойынша жүргізіледі.
Астана қаласында ТжКБ мекемелерін бітірушілер саны тұрақты өсуде: соңғы төрт жылда олардың саны 3 548 адамға артқан, бұл 54,8% - ға өсуін көрсетеді. Алайда, бітірушілердің өсуі жұмыспен қамту деңгейінің пропорционалды өсуімен қатар жүрмейді: мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші соңғы үш жылда 50% - дан төмен болып қалып тұр.
Еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескерместен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға, экономика салаларының дамуын тежеуге және жас мамандардың әлеуетін жоғалтуға әкеледі, нәтижесінде түлектер алған кәсібімен байланысты емес жұмыспен қамту түрлерін іздеуге мәжбүр. Бұл ретте, Білім басқармасы мен ТжКБ ұйымдары жоғары оқу орындарына түскендерді, әскерге шақырылғандарды және мамандығы бойынша жұмысқа орналаспағандарды ескере отырып, түлектердің жұмыспен қамтылуының орташа көрсеткішін 65,8% деңгейінде анықтады.
Білім басқармасы 17 перспективалық мамандықтарды қамтитын жаңа кәсіптер Атласын әзірледі, олардың алтауы білім беру бағдарламаларына біріктірілген немесе кәсіби мамандықтардың 35% құрайды.
Білім басқармасы мен ТжКБ ұйымдары арасында жасалған шарттарда шарттардың сомалары және дайындықтың нақты бағыттары нақты көрсетілмеген. Бұл көрсетілген қызметтердің ай сайынғы актілері нақты орындалған көлемдерді — білім алушылардың санын, оқу үшін тиісті сомаларды, сондай-ақ стипендиаттар мен төленген стипендиялардың мөлшері туралы деректерді көрсетпей ресімделген.
Бұдан басқа, қосымша келісімдер жасасу кезінде сатып алынатын қызметтер көлемінің өзгеру себептерінің негіздемесі ұсынылмады, бұл жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге қарамастан, көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне емес, ТжКБ ұйымдарының шығыстарын жабуға бағдарланған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың сақталып отырған практикасын көрсетеді.
Сонымен, дөңгелек үстелде студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Бүгінгі таңда қаладағы 16 колледжде (5 мемлекеттік және 11 жеке меншік) 18 жатақхана жұмыс істейді, онда 2025-2026 оқу жылында 2 130 студент тұрады. Қазіргі инфрақұрылымға қарамастан, Астана қаласында орын тапшылығы сақталуда-мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін қажеттілік шамамен 1 300 төсек- орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін қала әкімдігі қосымша шараларды жүзеге асыруда, 2019 жылдан бастап студенттерді конкурс бойынша іріктелген, студенттік жатақаханаларға сай жабдықталған хостелдерде орналастыру практикасы енгізілді.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ. С. Сенғазыев ТжКБ жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндады, колледж студентінің типтік «портретін» ұсынды, сондай-ақ депутаттарға колледждерге қамқорлықты ұйымдастыру жөнінде ұсыныс түсірді.
Барлық депутаттар ТжКБ ұйымының жұмысқа орналастырылған түлектерінің төмен пайызына алаңдаушылық білдірді.
Депутат К. С. Адамбек жеке колледждерге тексеру жүргізу қажеттігін атап өтіп, жатақханалардың қауіпсіздігі мен кадрлық әлеуеттің сапасы мәселесін көтерді. Сондай-ақ, ол студенттерге нақты өндірістік тапсырмаларды орындауға және жұмысы үшін ақы алуға мүмкіндік беру үшін колледж шеберханаларында практикалық дайындықты күшейту қажеттілігі туралы мәселені көтерді.
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры А. Г. Мұханбетов ТжКБ жүйесін дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша: экономика талап ететін мамандарды даярлауға бағытталған әлеуметтік (мемлекеттік) білім беру тапсырысы арқылы; нақты жұмыс берушіге кадрлар даярлауды көздейтін нысаналы тапсырыс арқылы; сондай-ақ студент ТжКБ жүйесін дамытуды көздейтін колледжде оқуды нақты өндірістегі практикалық жұмыстармен біріктіреді.
Сондай-ақ А. Г. Мұханбетов құқықтық актілерде сәйкессіздіктердің бар екендігіне тоқталып өтті. «Білім туралы» Заңға сәйкес колледждер кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және қосымша табыс алуға құқылы екенін, ал Салық және Кәсіпкерлік кодекстер ережелері мемлекеттік білім беру ұйымдарының коммерциялық қызмет ету мүмкіндігін шектейді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі колледждер студенттердің оқу‑өндірістік шеберханаларында дайындаған өнімдерін сата алады және бәсекелестікті бұзбай өз үй-жайларын (мысалы, спорт залдарын) жалға бере алады деп келісті. Колледждердің мұндай қызметі пайда табу үшін толыққанды бизнес ретінде емес, білім беру процесі ретінде қарастырылады - колледжге қайта инвестициялау үшін студенттердің өнімдерін сату қажет.
Сонымен қатар, бұл құқықтық қайшылық Қазақстан Республикасының Білім министрлігінде қаралатын болды.
Сонымен қатар, депутаттар білім беру процесін толыққанды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз бір білім алушыға колледждерде «жан басына шаққандағы қаржыландыру» мәселесін көтерді, бұл материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігіне, жабдықтарды жаңғырту мүмкіндіктерінің шектелуіне, оқытушылық және техникалық кадрлардың тапшылығына, сапалы білім беру қызметтерінің қысқаруына әкеледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы келесі мәселелердің қажеттілігін:
- Білім басқармасы тарапынан бақылауды күшейтуді;
- бюджеттік процестердің ашықтығын арттыруды;
- колледждердің инфрақұрылымдарын жаңғыртуды;
- адрларды даярлау сапасын арттыру және бизнеспен өзара іс-қимыл жасауды;
- еңбек нарығын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартуды атап өтті.
Дөңгелек үстел материалдары мәслихатқа одан әрі ұсыныстар енгізу үшін және Астана қаласының техникалық және кәсіптік білімін жүйелі жаңарту жөніндегі шараларды әзірлеу үшін негіз болады.