2025 жылғы 17 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою шеңберінде көзделген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері қаралды
2025 жылғы 17 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою шеңберінде көзделген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері қаралды.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық объектілерді салуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою қалалар мен ауылдық аумақтарды дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, көлік нысандарының құрылысын салу, сондай-ақ энергетикалық және экологиялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту сияқты бірқатар стратегиялық маңызды бағыттар үшін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тиімділік аудиті:
1) «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Басқарма);
2) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында (бұдан әрі-Кәсіпорын) жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезең қамтылды.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 32 837,7 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі қамтылды (бюджет қаражаты – 28 691,9 млн.теңге, мемлекет активтері – 4 145,8 млн. теңге).
Аудитпен 014 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу жолымен алу» бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 014 Бюджеттік бағдарлама) қамтылды, оның мақсаты мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін уақтылы босатуды қамтамасыз ету, меншік иесіне (жер пайдаланушыға) ақша қаражатын аудару жолымен өтемақы төлей отырып, мемлекеттік қажеттіліктер үшін оларды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзу болып табылады).
Аудит қорытындысында 2022-2024 жылдары алынған учаскелердің жалпы саны 1 649, жалпы аудан көлемі 153,82 га, жалпы құны 47 138,0 млн. теңге сомасына өтемақы төленгені анықталды. Қаржылық шығыстардың негізгі көлемі жеке тұрғын үй құрылыстары мен саяжай шаруашылықтары үшін пайдаланылатын учаскелерге жұмсалды.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарлау, үйлестіру және ішкі бақылау тетіктерінің сақталмағанын куәландыратын жүйелі бұзушылықтармен қатар жүретіні де анықталды.
Кәсіпорын Жарғысы Ережелерін бұза отырып, жеке тұлғаларға ақылы қызмет көрсету функциялары іске асырылмайды, бұл табыс көздерін алу әлеуетін шектейді және кәсіпорынның экономикалық дербестігін төмендетеді.
Жер учаскелерін алып қою рәсімдері жер учаскелерін кезең-кезеңмен игермеу жолымен жүзеге асырылды. Бюджеттік қаржыландыру бір мезгілде ондаған объектілерге бөлінді: босатуға дайындығын есепке алмағанда, құқық белгілейтін құжаттар болмаған кезде және бұрын басталған жобалар аяқталған кезде, бұл учаскелерді ішінара сатып алуға, бірқатар құрылыс жобаларын тоқтата тұруға және бюджет қаражаты жалпы сомасы 11 457,6 млн.теңгеге тиімсіз пайдалануға әкелген.
2022, 2023 және 2024 жылдарға арналған баға прейскуранттары бойынша баға белгілеуді талдау қызмет бағасын қалыптастыру тетігінде бірқатар елеулі бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді анықталды, бұдан басқа, әрбір есепті кезеңде Кәсіпорын тұрақты сипаты жоқ төлемдерді қоса отырып, құжаттамамен белгіленген әдістемелік негізсіз қызмет бірлігіне бағаны айқындауға әртүрлі тәсілдерді қолданған.
Нәтижесінде жалпы сомасы 828,8 млн.теңгеге (2022 жылы – 205,5 млн. теңге, 2023 жылы – 270,9 млн. теңге, 2024 жылы – 352,4 млн. теңге) сыйақы төлемдері мен материалдық көмек сияқты бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылқтары анықталды.
Бұдан басқа, Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып, еңбекақы қорының жалпы сомасындағы негізгі жалақы үлесінің төмендеуіне және сыйақылар үлесінің өсуінде тұрақты үрдіс қалыптасты. Мәселен, 2022 жылы негізгі жалақының үлесі 57,0%, 2023 жылы – 55,4% %, ал 2024 жылы – 50,6% құрады, бұл ретте сыйақылық төлемдер үлесінің өсуі байқалады (2022 жылы-43,0%, 2023 жылы-44,6%, 2024 жылы-49,4%).
Кәсіпорын штатында 8 бірлік заң персоналы болған жағдайда (директордың орынбасары 1 бірлік, жер учаскелерін алып қою жөніндегі талап-арыз жұмысы бөлімі 5 бірлік, әкімшілік-құқықтық бөлім 2 бірлік) Кәсіпорынның экономикалық шығындарымен сараланатын 49,0 млн.теңге мөлшерінде нотариаттық қызметтерге ақы төлеуге шығыстар жүргізілді.
Хабарламалар мен иеліктен шығару шарттарының жобаларын уақтылы жібермеу бөлігінде заңнаманы, заңды талаптарды тіркеу мерзімдерін бұзушылықтар, өтемақы төлеу кезінде мерзімдерді сақтамау, жекелеген сатып алынған учаскелерге мемлекеттік тіркеудің болмауы анықталды.
Меншік иелеріне өтемақы төлеу туралы сот шешімдері уақытында орындалмайды. Азаматтардың мүліктік құқықтарын бұза отырып, шешімдер заңды күшіне енгеннен кейін 10 жылдан соң төлеу фактісі орын алды, бұл Басқарма тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Басқарма Кәсіпорынмен бірлесіп жоспарлаған жобаларды алдын ала пысықтаудың және негіздеудің жеткіліксіз деңгейін куәландыратын, нақты орындалмайтын қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасу және оларды кейіннен бұзу фактілері анықталды.
Басқарма Бюджет кодексін, Мемлекеттік мүлік туралы заңды, Жер кодексін бұза отырып, 014 бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 2 674,7 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға жол берген, бұл Кәсіпорынмен жасалған қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың бұзылуына алып келген (2022 жылы 33,5 млн. теңге, 2023 жылы - 2 308,3 млн. теңге, 2024 жылы – 333,0 млн. теңге).
Кейіннен іс-шараларды іске қоспай, жер учаскелерін алып қоюға және босатуға өтінімдерді қалыптастыруды жоспарлау кезеңдері мен нақты іске асыру кезінде жеткілікті үйлестірудің жоқтығын көрсетеді, бұл бюджет қаражатын пайдалану нәтижесінің тәуекелдерін арттырады.
Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы бұза отырып, Кәсіпорын құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына хабарламалар беру жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамайды.
Кейбір жағдайларда ғимараттарды бұзу жұмыстары кейінгі кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін орындау рұқсатсыз жүргізіледі, сондай-ақ объектілерді бұзу туралы актілер жасалмайды және тиісінше тіркелмейтінін көрсетті.
Бірқатар объектілер бойынша бөлшектеу алдында конструкцияларға техникалық тексеру жүргізілмеген, бұл жұмыстарды орындау барысында мүмкін болатын тәуекелдерді бағалаудың толықтығын шектейді.
Анықталған бұзушылықтар осы салада жоспарлауды, жұмысты үйлестіруді және бақылауды жақсартуға бағытталған негізделген басқарушылық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге тиіс 10,1 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар (аудит барысында 7,3 млн. теңге қалпына келтірілді) анықталды, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау -3 503,5 млн. теңгені, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 11 735,1 млн. теңгені, экономикалық шығындар-554,5 млн. теңгені құрады, сондай-ақ 47 рәсімдік бұзушылықтар және 4 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссиясы кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті уәкілетті органдарға 5 факті бойынша материалдар жіберді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар шығарды.