Бапасөз парағы

2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2025 жылғы 8 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында 2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. 

Мемлекеттік аудит Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында және оның ведомстволық бағынысты үш ұйымында («Үміт» дағдарыс орталығы»  КММ, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ) өткізілді.

Аудит барысында психоневрологиялық бұзылулары бар 18 жастан асқан адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің стационары жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) қызметтер кешені мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2025 жылдың басындағы жағдай бойынша Астанада 38 мыңнан астам мүгедек адам тұрады, оның ішінде 11 мыңға жуығы балалар.  Үш жыл ішінде олардың саны 19% – ға, оның ішінде балалар мүгедектігі 33% - ға артты.

2024 жылы медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткендер арасында мүгедектіктің 33,2% - ы (37 013-тен 12 291-і)  психикалық  бұзылулар мен жүйке жүйесінің ауруларына жатады. Олардың ішінде ең көп тарағандары: шизофрения, ақыл-ой кемістігі, церебральды сал ауруы, психологиялық дамудың бұзылуы, эпилепсия, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің қабыну және тұқым қуалайтын аурулар.

Бұл мамандандырылған мекемелердің болуын, әлеуметтік қорғау жүйесіне жүктемені арттырады, әлеуметтік қызметтердің ауқымы мен қолжетімділігін кеңейтуді талап етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің өсуі байқалады: жалпы республика бойынша төмендеуіне қарамастан, Астанада 5 336-дан 7 026 жағдайға дейін 31,7% - ға  өсім тіркелді.  Бұл ретте дағдарыс орталықтарының ақпараты аз және қолжетімсіз болып тұр. Басқарманың ресми сайтында орталықтардың қызметі туралы өзекті ақпараттар жоқ. 2023 жылы елордада дағдарыс орталықтарына көмек сұрап 510 адам жүгінген  — бұл Алматыға (410) немесе Шымкентке (358) қарағанда көп.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарды қаржыландыру айтарлықтай 1,5 есеге (2022 жылғы 11,3 млрд теңгеден 2024 жылы 17,6 млрд теңгеге дейін) өстіАлайда, қаржыландырудың өсуі әрдайым қаржыны  тиімді пайдаланумен қатар жүргізілмейді.

Аудитке 8,9 млрд теңге сомасына бөлінген бюджет қаражаты тартылды, оның нәтижелері бойынша 1,3 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 39,3 млн теңге (оның ішінде өтелуге тиіс 14,6 млн, қалпына келтіруге тиіс – 24,7 млн.теңге), тиімсіз жоспарлау фактілері - 810,6 млн теңгеге, тиімсіз пайдалану фактілері - 503,7 млн теңгеге, ықтимал экономикалық шығындар - 34,7 млн теңгені құрады. Сондай-ақ 94 процедуралық бұзушылықтар және 18 жүйелік кемшіліктер тіркелді.

Аудит Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспардың орындалуына  үстірт  қарайтынын  көрсетті: жол карталары жоқ, статистикалар қайшы, индикаторлар расталмаған. Осы уақытқа дейін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының жұмыс істеуі үшін нормативтік база әзірленбеген.

«Үміт» дағдарыс орталығында медициналық қызмет лицензия бойынша оны қайта ресімдемеумен жүзеге асырылды, ал мүліктің нысаналы мақсаты туралы мәліметтер нақты пайдалануға сәйкес келмейді.

«Қамқор» орталығында 253 млн теңге сомасына бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасыз күрделі жөндеу жүргізілген жағдайлар анықталды.

«Жанұя» орталығында Жарғылық қызметтің функционалдық жүктемесінің сәйкессіздігі атап өтілді, Жарғыда осындай функцияның болуына қарамастан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тұру көрсетілмейді.

2024 жылы жаңадан құрылған «Жәрдем орталығы» мекемесі ғимаратты сатып алу процесінің кешіктірілуіне байланысты қызметін бастамады, нәтижесінде 453 млн теңге игерілмеген күйінде қалды. Ұзақ мерзімді активтер ретінде сатып алынған 121,2 млн теңге сомасындағы мүлік бір жылдан астам пайдалынылмайды.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға арналған өтінімдерді есепке алу жүйесі автоматтандырылмаған: қызмет кезектері Excel-де  қолмен жүргізіледі, бұл азаматтар үшін ашықтыққа  қолжеткізбейді. Кезекте 137 адам тұр, бұл ретте жекелеген жағдайларда кезек 2016 жылдан басталады, көпшілігі 2020 жылдан бері  кезек  күтуде. Сондай-ақ, кәмелетке толған мүгедектігі бар 18 бала орын болмағандықтан тиісті мекемелерге ауыса алмайды.

Сондай-ақ қызметтік автокөлікті пайдалану кезінде бұзушылықтар (лимиттен тыс, отынды есепке алу нормалары бойынша ауытқулармен), жалақыны, сыйақылар мен қосымша ақыларды есептеу кезіндегі қателіктер, бухгалтерлік есеп жүргізудегі және мүлікті түгендеудегі ауытқулар анықталды. Мемлекеттік сатып алу саласында  жүйелі бұзушылықтарға жол беріледі: шарттарды орындау мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы өндірілмейді, жосықсыз өнім берушілермен шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылданбайды, оларды тізілімге енгізу бойынша жұмыс жүргізілмейді.

Аудит қорытындысы бойынша Астана қаласының әкіміне, аудит объектілеріне және мүдделі тараптарға анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.