2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары
2025 жылғы 22 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында мәслихат депутаттарының, аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен 2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.
Жүргізілген аудитпен қамтылған жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бұдан әрі – ЖБ ШҚЕ) және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (бұдан әрі - ББӘ) есебі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық жағдайды, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және ақша қаражатының барлық маңызды қозғалысының қатынастарын анық көрсетті.
Алайда, алынған аудиторлық дәлелдемелер негізінде ЖБ ШҚЕ аудитінің нәтижелері бойынша ескертпемен пікір білдірілді, өйткені анықталған бұрмалаулардың қаржылық есептілікке әсері тұтастай алғанда қаржылық есептілік үшін маңызды, бірақ жан –жақты емес деген қорытынды жасалды.
Сонымен қатар, өткен жылдардағы ШҚЕ аудитінің қорытындыларын талдау кезінде ЖБ ШҚЕ туралы оң пікір білдіруге мүмкіндік бермейтін Тексеру комиссиясы жыл сайын анықтайтын бұзушылықтардың сипаты мен мәні бойынша ұқсасатығы байқалады:
- 2020 жылы пікір білдіруден бас тартылды, жалпы сомасы 1 075 243,2 млн. теңгеге (есепке алу бойынша қалпына келтіруге тиіс) қаржылық бұзушылықтарға, 84 рәсімдік және 14 жүйелі бұзушылықтарға жол берілді;
- 2021 жылы ескертумен пікір білдірілді, ШҚЕ бұрмалануы 73 196,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын-57 446,2 млн. теңге, 82 рәсімдік және 23 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар орын алды;
- 2022 жылы ШҚЕ 60 197,3 млн. теңге сомасына бұрмалануы, оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге тиіс - 56 776,9 млн. теңге, 25 рәсімдік және 8 жүйелік кемшіліктерді ескертумен пікір білдірілді;
- 2023 жылы ШҚЕ 790,4 млн.теңге сомасына бұрмалануы, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 30 715,7 млн. теңге, 35 рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелік сипаттағы 8 кемшіліктер ескеріле отырып пікір айтылды.
Көріп отырғаныңыздай, Тексеру комиссиясының аудит нәтижелері бойынша оң динамика қалыптасуда, бұл жауапты тұлғалар тарапынан шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде белгілі бір «қателіктер бойынша жұмыстың», олардың құзыреттілігі артқанын көрсетеді.
Пікір Қаржы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, Сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларында аудит жүргізу барысында алынған материалдар негізінде білдірілді, сондай-ақ қаржылық есептілік және басқа бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің орталықтандырылған электрондық бухгалтерлік платформасының деректері пайдаланылды.
Аудиторлық рәсімдердің нәтижесінде 2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жалпы сомасы 30 255,7 млн. теңгеге қателіктері анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиісті қаржылық бұзушылықтар - 19 328,1 млн. теңге (аудит барысында толық қалпына келтірілген) және рәсімдік бұзушылықтар - 10 927,6 млн. теңге, 12 рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелік сипаттағы 5 кемшілік, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтар сомасы 2,8 млн. теңгеге (аудит барысында толық қалпына келтірілген) өтелуге тиіс бұзушылықтар анықталды.
Қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелген негізгі себептер бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі талаптардың сақталмауы болып табылады.
Ең жиі қайталанатын бұзушылықтар жер учаскелерінің бухгалтерлік есебінде көрсетілмегені байқалды, мысалы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша бухгалтерлік есепте жалпы құны 332,1 млн. теңге болатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың жерлері кіріске алынбаған («Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ, «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ), Дене шынықтыру және спорт, Жастар саясаты басқармалары және Білім басқармасының ведомстволық бағынысты 12 ұйымы бойынша жалпы құны 1 668,1 млн. теңге.
Бұдан басқа, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 5 жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құнын айқындау үшін қайта бағалау жүргізілмеген, заңнаманы бұза отырып, күрделі жөндеуден кейін ғимараттардың баланстық құнын 115,4 млн. теңгеге ұлғайтуға арналған шығындарды капиталдандыру жүзеге асырылмаған.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірқатар бұрмалауларға жол берді:
- «Astana» ӘКК» АҚ жатақхана ғимаратын жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту есебінен беру кезінде 37,3 млн. теңгеге жер учаскесінің құнсыздануы негізсіз жүргізілген ;
- бухгалтерлік есеп деректері бойынша ұзақ мерзімді активтердің 183,2 млн. теңгеге шығуы дұрыс көрсетілмеген;
- негізгі құралдардың көрсетілген бастапқы 42,3 млн. теңге сомасына құнының негізділігі расталмаған;
- жаңадан құрылған «ASTANA TOURISM» туризмді дамыту орталығы» ЖШС және «Комфорт отель Астана» ЖШС бойынша 133,5 млн. теңгеге ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды көрсету кезінде;
- мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты шеңберінде «Astana» ӘКК» АҚ сенімгерлік басқарушылары баланстық құны 2,8 млн. теңге мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеген.
Бухгалтерлік есеп деректері бойынша мемлекет активтерін жалпы сомасы 12 938,1 млн. теңгеге көрсетілмеген, оның ішінде:
- 2013 жылы 12 128,0 млн. теңгеге Алматы, Сарыарқа және Нұра ауданы әкімінің аппараттарының балансына алынған сегіз қалалық зираттар уақытында есепке алынбаған;
- Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы 482,8 млн. теңгеге тәркіленген мүлікті есепке алмаған;
- Сарыарқа және Нұра ауданы әкімі аппараттары 327,3 млн. теңгеге қоғамдық дәретханаларды негізсіз есептен шығарған.
Сондай-ақ, Дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимараттың құнсыздануына 10 177,3 млн. теңге сомасында резерв сомасын негізсіз көрсеткен, квазимемлекеттік сектордағы қаржылық инвестициялар Білім басқармасының 3 862,1 млн. теңге сомасына қаржылық есептілігінің бұрмалануын анықтады.
Құрылыс, Көлік, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары бойынша жыл соңындағы қалдықты көрсете отырып, проблемалық аяқталмаған құрылыс нысандары туралы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есебінде болмаған.
Сарайшық ауданы әкімінің жаңадан құрылған аппаратымен 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық есептілік ұсынылмаған, бұл 5,3 млн.теңге сомасында көрсетілуі және бұрмалануы тиіс деректерді жасыруға алып келген.
Тілдерді дамыту басқармасы жеке шоттарды жаппау, сондай-ақ теріс сальдоның болуы түрінде бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтаруға жол берген.
Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласы бойынша Ішкі аудит департаментіне бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарудың және бұрмаланған қаржылық есептілікті жасаудың 30 фактісі бойынша материалдар жіберілді.
Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар әзірленді.