«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және оның спортты дамыту саласындағы жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттінің қорытындылары
2025 жылғы 18 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысында «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және оның спортты дамыту саласындағы жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Талқылауға мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, мәслихат депутаттары, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.
Мемлекеттік тексеру Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасында және оның ведомстволық бағынысты үш ұйымында («Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ, «Олимпиадалық резервті дайындау орталығы» КММ, «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» КММ) өткізілді.
Соңғы төрт жылда спорт саласын қаржыландыру 2021 жылмен салыстырғанда 2024 жылы шығындардың тұрақты өсуін, 2,4 есеге өскенін (11,3 млрд.теңгеден 27,4 млрд. теңгеге дейін) көрсетеді.
Аудит материалдарынан көріп тұрғандай, дене шынықтыру және спорт саласындағы алдыңғы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданатын шараларға қарамастан, қаржылық тәртіп жеткіліксіз деңгейде қалып тұр.
Спорт басқармасы бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарын, тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін сапалы әзірлеуді, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындыларының толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етпейді, өзгерістер/толықтырулар/нақтылаулар енгізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың шығындарын қаржыландыру көлемін есептеу жүзеге асырылмайды, осылайша қаржыландыру көлемін ұлғайту / азайту растайтын құжаттарсыз қабылданған, бұл 324,1 млн.теңге сомаға қаражатты одан әрі тиімсіз жоспарлауға әкеп соқтырған.
Бюджетті жоспарлау кезінде спорт түрлерін саралау қорытындылары ескерілмейді, соның салдарынан іс жүзінде С тобына жатқызылған спорт түрлеріне көп көңіл бөлінеді, бұл ретте назар аударуды талап ететін А тобының спорт түрлері де бар, осылайша қаражатты тиімсіз пайдалану 35,6 млн.теңгені құрады.
Спорт басқармасы дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (БЖСМ, ОРДО, ЖСШМ) және дирекцияларының қызметін қаржыландыру арасында айтарлықтай үйлесімсіздік байқалады, бұл ретте заңнамалық деңгейде спортты дамытудың өңірлік дирекциялары үшін тиісті мәртебе беру жөніндегі мәселе реттелмеген және олардың қызметінің ережелері регламенттелмеген.
Спортшыларды алғашқы дайындықтан бастап жоғары жетістіктер спортына дейінгі барлық кезеңдерде даярлау жүйесі соңғы кезеңде спорттың 57 түрі бойынша жасөспірімдерді, жасөспірімдер және жастарды (балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде) даярлаудың бастапқы кезеңіне арналған бюджеттік шығындарға қарамастан, жоғары спорт жетістіктері түрлерінің тізіміне тек 21 түрі (36,8%) енгізілген, бұл ретте ЖСШМ-де спорттың 21 түрі және СДД КММ-де тарапынан дамытатын спорттың 97 түрі жергілікті атқарушы орган басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін бекітпей, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.
Екі және одан да көп ұйымдарда спортшылар контингентінің қайталануы ОРДО және ЖСШМ контингентін қалыптастыру үшін көзделген талаптарды бұзады, бұл ретте шығыстардың ашықтығы қамтамасыз етілмейді (қаржыландырудың жалпы көлемінде СДД КММ шығыстары (57,1%), ОРДО – 13,6%, ЖСШМ – 29,4%), өйткені ведомстволық бағынысты ұйымдардың спортшылары бірыңғай есепке алынбайды және олардың жетістіктерінің мониторингі, жаттықтырушылар бөлінісінде мәліметтер жоқ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыс нәтижелерінің есебі жүргізілмейді.
Жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды Бірыңғай күнтізбеге енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттарды тіркеу жүргізілмейді, спорт федерациялары мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бастамасы бойынша қосымша енгізілген/шығарылған іс-шаралар саны туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ, елордада инфрақұрылымның, спорттық ғимараттар мен ғимараттардың тапшылығы болған кезде күнтізбелердің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалу деңгейінің төмендігі елорданың спорттық-бұқаралық іс-шараларының Бірыңғай өңірлік күнтізбесін әзірлеу және бекіту кезінде үстірт қарайтыны куәландырады.
Негізгі құжатты, сондай-ақ мемлекеттік органның функцияларын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін, елордада спортты дамыту жөніндегі саясатты іске асыру саласындағы функцияларды іске асыру кезінде бірқатар кемшіліктерге әкеп соғатын ішкі құжаттарды сапасыз әзірлеу, атап айтқанда, елорданың құрама командаларының тізімін қалыптастыру, қаланың спорттық-бұқаралық іс-шараларының бірыңғай күнтізбесін әзірлеу және орындау, басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін уақтылы әзірлеуді жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарда оқу-жаттығу және тәрбие процестерін ұйымдастыруды бақылау және олардың жұмыс нәтижелерін есепке алмау фактілері орын алады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар шығындарының құрылымы еңбекақы төлеу қоры бойынша шығындардың ең үлкен көлемін көрсетеді, сонымен бірге бұл шығыстардың ашықтығы мен негізділігі қамтамасыз етілмейді:
- штат кестелерін бекіту кезінде әрбір спорт түрі бойынша аға жаттықтырушылар санының бекітілген нормативі ескерілмейді, қызметі ведомстволық бағынысты ұйымның жарғылық қызметіне тән емес лауазымдарды (СДД КММ нұсқаушылары) бекітуге жол беріледі, бұл бюджет қаражатын 43,1 млн. теңгеге тиімсіз пайдалануға және 21,3 млн. теңге сомасына экономикалық шығындарға әкеп соқтырған;
- СДД КММ құрылымында жаттықтырушы-оқытушылар құрамы болмаған кезде жұмыскерлерге оқу-жаттығу процесі үшін 678,3 млн. теңгеге (жалпы ЕТҚ -ның 30% - дан астамы) қосымша ақы төленген, бұл елорданың спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушыларының (басқарушы персонал) елорда құрама командаларының спортшыларымен жаттығу процесін (жаттықтырушылардың функцияларын) жүзеге асыруы салдарынан қаражатты тиімсіз пайдалану болып табылады;
- жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін қамтамасыз етуге үлес қоспаған жаңадан тағайындалған қызметкерлерге алдыңғы жылдардағы спорттық жетістіктері үшін қосымша ақы төленген;
- 14,0 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз және оларды 1,5 млн. теңгеге негізсіз пайдалануға әкеп соққан, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне өтілі мен білімі бойынша лауазымдардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілеріне жол берілген;
- мекеменің бекітілген сыйақы беру жүйесіне қайшы қосымша жұмыс істейтіндерге сыйақыларды негізсіз есептеген:
Ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу шеңберінде қаржыландыруды қамтамасыз ету төмен, бұл ретте жекеменшік спорт клубтарының қызметі белсенді қаржыландырылады (2021 – 2024 жылдары елорданың спорт клубтарына – 10,9 млрд. теңге немесе орта есеппен жылына 2,7 млрд. теңгеден асқан), баланста есептелетіндердің жай-жапсарын жақсартуға күрделі салымдардың болмауы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының уәкілетті органы – Спорт басқармасы тарапынан, елорда дене шынықтыру-спорт ғимараттарының физикалық және тозу жағдайына байланысты проблемаларға, сонымен бірге елордада спорт ғимараттарының тапшылығы кезінде назардың жеткіліксіздігін көрсетеді:
1) Астана шетінде орналасқан (Ильинка т/м, Железнодорожный т/м) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін пайдалануға беру мерзімдерінің ұзартылуына байланысты коммуналдық мемлекеттік объектілерді, атап айтқанда, спорт мектебінің балансында тұрмайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсетуге 299,3 млн. теңге сомасына шығыстарды тиімсіз жоспарлауға әкелген;
2) сенімгерлік басқарудағы «Mtex management» ЖШС жеке компаниясы «Барыс-Арена» КМА спорт ғимаратының бассейніне жабдықтар сатып алу арқылы қаражатты ұтымсыз пайдалану фактісі анықталды, бассейіндер өз кезегінде коммерциялық негізде ведомстволық бағынысты ұйымдарға берілген;
3) «Fitnation- Astana» Фитнес-орталығы спорттық-сауықтыру орталығын «Дәулет» МКҚК балансына уақында өткізбеу салдарынан құны 2 439,5 млн. теңге тұратын заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде алынған;
4) Спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қарамағындағы 10 спорт ғимаратының тек Теннис орталығы ғана олимпиадалық стандарттарға сәйкес келеді, бұл мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт базаларының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді, сонымен бірге Астана қаласының Теннис федерациясы РҚБ филиалының сенімгерлік басқаруына берілді және ведомстволық бағынысты ұйымдар пайдаланбады;
5) жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың балансында олар өсіретін спорт түрлері үшін қолданылмайтын, оларды оқу-жаттығу процесінде пайдаланбауына байланысты тиісінше тұрып қалатын спорттық жабдықтардың/құралдардың болу фактілері бар;
6) сумен жабдықтауды, канализациялық және электр қуатын қоспай, ведомстволық бағынысты ұйымның балансына беру себебінен жарамсыз күйде тұрып қалған үй-жай анықталды.
Жекелеген спорт мектептерінде спортшыларды жабдықтауды қамтамасыз ету төмен деңгейін көрсетті, бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдардың әкімшілік-басқару персоналы үшін құрал жабдықтарды негізсіз сатып алу фактілерін де атап өткен жөн.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың жекелеген нормалары сақталмайды, спортшылар мен сабақтарға арналған залдарды/үй-жайларды жалға алу және оқу-жаттығу процесін өткізу қызметтерін сатып алу кезінде нарықтық бағалардың мониторингі тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды, соның салдарынан 125,0 млн. теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 6,3 млн. теңгеге экономикалық шығын фактілері анықталды;
Іссапар шығыстары, жол жүру, тамақтану бойынша төлем шоттарын ұсынудың дұрыстығы мен негізділігі, сондай - ақ растайтын құжаттардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, соның салдарынан 3,8 млн.теңге сомасына қаражат негізсіз пайдаланылған, сомасы 186,7 млн. теңгеге қаражат тиімсіз пайдаланылған және экономикалық шығындар 20,1 млн. теңгені құрады.
Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде спорт түрлері бойынша құрама командаларды қалыптастыруды заңнамалық реттеуде олқылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 646,6 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс - 2 630,5 млн. теңге (аудит барысында 2 628,7 млн. теңге қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс – 10,1 млн. теңге (аудит ба рысында 2,7 млн. теңге өтелді), 676,0 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, тиімсіз пайдалану-1 212,9 млн.теңге, 38,8 млн. теңге сомасына экономикалық шығындарға әкеп соғатын фактілер, сондай-ақ 129 рәсімдік бұзушылықтар мен 56 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Астана қаласының әкіміне, аудит объектілеріне және мүдделі тараптарға анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.