2025 жылғы 20 наурызда Астана қаласының Тексеру комиссиясының «Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» кезекті отырысы өтті
Мемлекеттік тиімділік аудиті 5 техникалық және кәсіптік білім беру нысандарында (бұдан әрі-ТжКБ) жүргізілді, оның ішінде:
- «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ (бұдан әрі-Білім басқармасы);
- Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Құрылыс-техникалық колледжі);
- Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Техникалық колледж);
- Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Технологиялық колледж);
– Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Сервис және туризм колледжі).
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту халықтың әртүрлі топтарының білімге қолжетімділігін, сондай-ақ мамандықтардың кең ауқымы бойынша кәсіби мамандар даярлауды қамтамасыз етеді. Алайда, аудит нәтижелері оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелері шешілмейтінін көрсетті.
Оқудан кейін түлектердің жұмысқа орналастырылуын талдау мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған және мамандығы бойынша бірінші жылы жұмысқа орналастырылған колледж түлектерінің 2021-2024 жылдардағы үлесі орта есеппен 47,5% құрайтынын, өйткені мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жыл сайын еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай орналастырылады, бұл жұмыс берушілермен өзара іс қимыл жұмыстарының нашарлығын көрсетеді.
Мемлекет педагогтардың мәртебесін көтеру жөніндегі қабылдаған шараларға қарамастан, бюджет және басқа да заңнамалардың бірқатар қайталанатын жүйелі бұзушылықтары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктер орын алады, атап айтқанда:
- Басқарма ведомстволық бағынысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындарды дамыту жоспарларына енгізу үшін мақсаттар мен міндеттерін, қызметтің негізгі көрсеткіштерін әзірлемеген және жібермеген;
- кәсіпорындардың алдағы қаржылық кезеңдерге арналған даму жоспарларын жасау және есептерді бекітудегі, оларды дұрыс әзірлемеу, мемлекеттік тізілім порталына уақытында орналастырмау секілді бұзушылықтар анықталды.
Қызметкерлердің штат санының сәйкестігін талдау Технологиялық колледжде (экономист, әлеуметтік педагог, мұрағатшы, кір жуғыш машиналардың операторы) штат бірліктерінің асыра бағаланғанын көрсетті, бұл өз кезегінде бюджет қаражатының (активтерінің) жалпы сомасы 15,3 млн.теңгеге экономикалық шығындарға әкеп соқтырған.
Сондай-ақ, уәкілетті органның жұмыс істеп тұрған асханаға санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болмаған кезде штат кестесіне аспазшы, аспаз және ас үй жұмысшысы қызметтері бекітілген, нәтижесінде жалпы сомасы 8,4 млн.теңгеге экономикалық шығын келтірілген.
Білім беру ұйымдарымен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде оқушылардың (контингенттің) нақты саны және қаржыландыру көлемін айқындаған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі көрсетілмейді, бұл білім тапсырысын орналастыру нормаларының талаптарына қайшы келеді.
Білім басқармасы бюджет қаражатының шығыстарына жол берген (білім алушылар контингенті өзгермеген жағдайда; ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде; өңірлік кәсіптік шеберлік конкурсын өткізуде), осының салдарынан жалпы сомасы 215,9 млн.теңгеге экономикалық шығындарға алып келді.
Білім басқармасы орындалмаған қызмет көлеміне (стипендияға) ақы төлеуге жол берген, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өз бетінше мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде пайдаланылмаған жалпы сомасы 55,3 млн. теңге қайтарылған, сондай-ақ Сервис және туризм колледжі жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидалары мен шарт талаптарын бұза отырып, оқудан шығарылған студенттер үшін стипендиялар төлеген.
Бюджеттік кодексті бұза отырып, Технологиялық колледж 2023 жылы әкімшілік қызметкерлерге лауазымдық жалақысынан жалпы сомасы 6,6 млн.теңгеге артық сыйақыларды негізсіз төлеуге жол берген.
Қолданыстағы заңнама мен есеп саясатының нормаларын бұза отырып, келесі бұзушылықтарға жол берген, оның ішінде:
- Сервис және туризм колледжі және Құрылыс-техникалық колледжі жалпы құны тиісінше 163,4 млн. теңге және 263,1 млн. теңге болатын жер учаскелерін бухгалтерлік есепте көрсетудің толықтығына қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етпеген;
- Технологиялық колледж негізгі құралдың баланстық құнын, күрделі сипаттағы шығындардың құнын жалпы сомасы 84,5 млн. теңгеге ұлғайтпаған;
- Техникалық колледжде жалпы сомасы 5 566,6 млн. теңгеге активтерді қаржылық есептілікте көрсетпеу фактілері анықталды, бұл кәсіпорын балансында көрсетілуге тиіс жасалған операцияларды немесе жалпылау үшін оқиғаларды көрсетпеу бөлігінде жалтару фактілерін растайды; жалпы құны 85,3 млн. теңге активтерді бухгалтерлік есепте көрсетудің толықтығына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмеген (мысалы: бір тумболық үстел, медициналық арба, киім-кешек сөресі, жартылай қатты орындық, компьютерлік үстел, кофе үстелі, төсек үстелі, киім шкафтары және т.б.).
Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар тізбесіне жататын ағымдағы жөндеу түріндегі жұмыстарды жүргізу фактілері анықталды, Құрылыс-техникалық колледж 15,1 млн.теңге сомасына, Технологиялық колледж 60,0 млн. теңге сомасына жұмыстарды орындаған.
Аудитпен қамтылған колледждерде материалдық-техникалық базада оқу процесін жүзеге асыру үшін қажетті техникалық және қажетті құралдар жиынтығы бар.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзушылықтар: қызметтер көрсету/тауарлар жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмау; сондай-ақ өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу бөлігінде белгіленген.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 606,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 598,0 млн. теңге (аудит барысында 426,6 млн.теңге қалпына келтірілді), өтеуге тиіс 8,2 млн. теңге (аудит барысында 0,4 млн. теңге өтелді).
Аудиторлық іс – шараның қорытындысы бойынша бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау жалпы сомасы 262,9 млн.теңгеге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану жалпы сомасы 179,6 млн. теңгеге фактілер анықталды, экономикалық шығын сомасы 257,2 млн. теңгені құрады, сондай-ақ 171 рәсімдік бұзушылық және 22 жүйелік кемшілік анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы тиісті уәкілетті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 12 факті бойынша материалдар жолдады.
Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шарамен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар жолдады.