Астана қаласының Мәдениет басқармасына және ведомстволық бағынысты ұйымдарға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2025 жылғы 20 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда Астана қаласының Мәдениет басқармасына және ведомстволық бағынысты ұйымдарға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды,  тұтастай алғанда мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтері  Мәдени саясат Тұжырымдамасында, Креативті индустрияларды дамыту Тұжырымдамасында, басқа да жоспарлы және  Құрылтай құжаттарында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатынын анықтады. Сонымен қатар, аудит ұйымдардың қызметінде белгілі бір деңгейдегі бұзушылықтар мен кемшіліктердің бар екенін  көрсетті.

Мысалы, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жоспарлау, іске асыру және мониторингілеу кезінде жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктер олардың мақсаттарына қол жеткізуді тиісінше бағалауға мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде елордада Мәдениет басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары іске асыратын мәдени саясат ісшараларында мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткішін пайдалануға мүмкіндік бермейді, ал нақты нәтижелілік – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттерді іске асыру дәрежесі мен  тиісті қызметтің жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы. Бұл бөлімдегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер мыналар:

 - бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің, Астана қаласының 2022-2023 жылдарға арналған Даму жоспарының және Мәдени саясат пен Креативті индустрияларды дамыту Тұжырымдамаларының байланыстырылмауы;

- елорда бөлінісінде Мәдени саясат тұжырымдамалары мен Креативті индустрияларды дамытудың нысаналы индикаторларының мониторингінің болмауы және қаланың Даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мониторингіне үстірт көзқарас, сондай-ақ аталған барлық құжаттар шеңберінде іс-шараларды іске асыру жөніндегі ақпараттың толық болмауы;

- нақты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген жағдайда жекелеген көрсеткіштер бойынша есепті ақпаратты бұрмалау.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасы бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу сатысында, оның ішінде тиімсіз жоспарлауға алып келген елеулі бұзушылықтарға жол берген.

Мысалы, бюджеттік заңнаманы бұза отырып, субсидиялауға тиіс ұйымдарға жатпайтын «Мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекция»  МКҚК шығындарын жабуға жалпы сомасы 7 603,6 млн.теңгеге субсидиялар бөлуді жүзеге асырған. Басқа ведомстволық бағынысты кәсіпорындар Мәдениет басқармасымен 2022-2024 жылдары дұрыс емес есептеулер нәтижесінде жалпы сомасы 460,7 млн. теңгеге субсидиялар артық төленген.

Мәдениет басқармасы бюджеттік заңнаманы бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеп соққан әрекеттерге жол берген, оның ішінде:

- жалпы сомасы 275,2 млн. теңгеге  бюджеттік өтінімдерінде қамтылған шығындар 007 бюджеттік бағдарламаның бағыттары бойынша негіздемелік құжаттардың болмауы салдарынан есептеулерге ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеген;

- бюджеттік өтінімге жалпы сомасы 85,0 млн. теңгеге іс-шаралар өткізу енгізілген, олар кейіннен басқа іс-шараларға ауыстырылған, ал 2024 жылға іс-шараларды өткізуге 142,0 млн. теңге жоспарланып, бюджетке қайтарылған;

- жалпы сомасы 368,0 млн. теңгеге негізгі құралдарды сатып алу жоспарланған, одан әрі оларды сатып алмаған немесе жоспарланбаған негізгі құралдарды сатып алған;

- бюджеттік өтінімдерге жоспарланған негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге сәйкес келмейтін жалпы сомасы 36,3 млн.теңгеге шығыстар көлемін негіздейтін коммерциялық ұсыныстар қоса берілген.

2022 жылы Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жалақыны ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджеттен жалпы сомасы 12,1 млн. теңгеге  трансферттерді мақсатсыз пайдалануына жол берген.

Мәдениет басқармасы мемлекеттік органның, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың басқару органы ретіндегі функцияларын мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігіне әсер ететін бұзушылықтармен жүзеге асырды, оның ішінде:

- ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға көлік құралдарының тиістілік нормативтеріне әкімшілік шығыстар лимиттері, әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар және іссапар шығыстары жеткізілмеген;

- Мәдениет басқармасының және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларында Мәдениет басқармасы мен оның құрылымдық бөлімшелері ережелерінің функцияларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерде жоспарлардың тармақтарын іске асыру туралы ақпарат қамтылмайды, бұл көзделген функциялардың орындалмағаны туралы куәландырады;

- құрылымдық бөлімшелердің ережелері бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және Мәдениет басқармасының ережесінде көзделген жеке функцияларды қамтымайды.

Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы аудит сондай-ақ олардың қызметінде бұзушылықтар мен кемшіліктердің, оның ішінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуына әкеп соқтырған кемшіліктердің бар екендігін көрсетті, олардың негізгілері:

- кәсіпорындарды дамыту жоспарларында көрсеткіштердің болмауы немесе дұрыс көрсетілмеуі, оларды іске асыру туралы есептердің дұрыс жасалмау;

- ведомстволық бағынысты ұйымдар еңбекақы төлеу және штаттарды қалыптастыру кезінде елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берді, бұл жалпы сомасы 915,0 млн. теңгеге артық төлемдерге алып келу;

- ұйымдардың балансындағы активтерді жалпы сомасы 337,2 млн. теңгеге тиімді пайдалануды қамтамасыз етпеу;

- Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың активтері мен еңбек ресурстарын жалпы сомасы 8,3 млн. теңгеге пайдаланған;

- әкімшілік-басқару персоналының гастрольдерге шығуына байланысты 3,9 млн. теңге сомасына шығындалу;

- Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы елеулі бұзушылықтар, оның ішінде өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен сотқа уақтылы жүгіну жөнінде шаралар қолданбау, техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау, кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылатын тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай қызметтер көрсетуге шарттар жасасу, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген, тиісті лицензиялары жоқ адамдармен лицензияланатын  қызмет түрлеріне шарттар жасасу;

- сондай-ақ Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік сатып алуды жүргізу, бухгалтерлік есепті жүргізу, үй-жайларды жөндеуді жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарға жол беру болып табылады.

«Мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы»  МКҚК-да анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді атап өткен жөн,  өйткені бұл фактілер соңғы жылдары мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізу қызметтерін негізінен Дирекция арқылы сатып алу бойынша қалыптасқан жағдай бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және экономикалық шығындары тәуекелдерін арттырғанын, сондай-ақ олар іс жүзінде іске асырылғанын  көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандай, Дирекцияны қаржыландыру залалды субсидиялау арқылы театрлар, мұражайлар және басқа мәдениет ұйымдары сияқты Мәдениет туралы заңыды  мен субсидияларды төлеу ережелерін бұза отырып жүзеге асырылады.  Бұл ретте іс жүзінде  Дирекцияның өз қызметі емес, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған шығындар қаржыландырылады.

Сонымен қатар, Дирекциядағы аудит мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға бюджет қаражатын жоспарлау кезінде шығыстарға баға белгілеудің ашықтығы жоқ екенін көрсетті. Бұл ретте мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге бюджет қаражатын бөлу кезінде Мәдениет басқармасы жеке іс-шара шеңберінде орындалуы қажет іс-қимылдар тізбесін қамтитын құжатты бекітпейді, бұл Мәдениет басқармасы мен аудит органдары тарапынан одан әрі бақылау мүмкіндігін азайтады.

Жалпы аудит сомасы 300,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 126,7 млн. теңге (аудит барысында 126,7 млн. теңге қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс 173,4 млн. теңге ( аудит барысында 161,9 млн. теңге өтелді), бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау- 906,5 млн. теңге, бюджет қаражаты және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 8 018,5 млн.теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы - 1 615,1 млн. теңге, 171 рәсімдік бұзушылықтар мен 20 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Осылайша, аудиттің екінші базалық көрсеткішін пайдалана отырып, Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау,  тиімділік-алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін ресурстарды пайдалануды ескере отырып, жоспарланғанға арақатынасы, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдаланудың елеулі фактілерімен жүзеге асырылғанын, атап айтқанда осы фактілер аудитпен қамтылған мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтері сомасының 36,6% құрады.

Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 20 материал тиісті уәкілетті органдарға жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясының тапсырмалары мен ұсынымдары жіберді.

Жаңалықтар