18 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге медициналық көмек көрсету шеңберінде жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары
2025 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Астана қаласы мәслихатың депутаттарының, «№11 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№ 13 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№14 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№ 1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен «18 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге медициналық көмек көрсету шеңберінде жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс шарасының қорытындысы қаралды.
Тексеру жүргізілген бір емханада тіркелген халық саны орта есеппен 40 мың адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 3% құрады.
Алайда, халықтың елордаға көшіп-қонуына байланысты халықтың шамадан тыс емханаларға бекітілуі орын алады, бұл дәрігерлердің қызмет жүктемелерінің артуына, халыққа амбулаториялық - емханалық көмек көрсетудің сапасына әсер етеді.
Бұл ретте, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі- МӘМС) жүйесінде сақтандырылмауы, скринингтік зерттеулермен қамтылмауы, ауыр дерттердің уақытында диагнозын анықтамау тәуекелдеріне соқтыратын мәселелер шешуін қажет етеді.
Медициналық қызмет көрсету сапасына және ұйымның тиімді қызметіне теріс әсер ететін маңызды фактор медицианалық кадрлардың жоғары тұрақсыздығы, оның негізгі себептері жалақының төмендігі және дәрігерлік жүктеменің өсуі, бұл әсіресе жас дәрігер мамандардың арасында эмоционалдық «қалжырауға» әкеледі.
Тегін медициналық көмек кепілдік көлемінің (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін ұйымдар жыл сайын шарт талаптарының орындалуын бақылау және желілік шкаланы қолдану қорытындылары бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен шарттар сомасының азаюы нәтижесінде экономикалық шығындарға (1 571,5 млн.теңге) әкелген.
Бұдан басқа, балалар ауруханалары «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторынан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жекелеген атауларын жоғары бағамен (296,6 млн.теңге) сатып алу кезінде экономикалық шығынға ұшыраған.
Емханалар қызметінің проблемалық мәселелеріне келсек тар бейінді мамандардың жүктемесіне тиісті жағдайлардың болмауына, сондай-ақ тексерудің барлық көлемін (110,6 млн. теңге) орындау үшін өте қысқа мерзімдеріне қарамастан білім беру ұйымдарының аумағына барып, 18 жасқа дейінгі балаларды кәсіби тексерулерді жүргізу бекітілген.
Штаттар мен мен еңбекке ақы төлеу қорын қалыптастыру кезінде объектілер мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға әкеп соққан бюджеттік жүйе Қағидаттарын бұзуға (881,6 млн.теңге) жол беріген.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын тексеру емханалардың толық жабдықталмағанын және кейбір медициналық аппараттардың жоғары жүктемесін көрсетті.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың активтерін бақылау олардың тиімсіз пайдаланылуы (83,2 млн.теңге), негізгі құралдардың тоқтап қалуы (9,3 млн. теңге) кәсіпорындардың экономикалық шығындарын анықтады.
Объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін бағалау кәсіпорындардың екінші деңгейдегі банктерде бос ақшалай қаражатты орналастыру кезінде тәуекелдерге жол берілетінін орын алады.
Бұдан басқа, медициналық ұйымдар бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы талаптарды сақтамағандықтан қаржылық бұзушылықтарға (198,0 млн.теңге) жол берілген.
Жалақыны есептеу мен төлеудің дұрыстығын тексеру көтермелеулерді төлеу кезінде негізсіз шығыстарды (40,9 млн.теңге) тәртіптік жаза мен сынақ мерзімі алынбаған кезде, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін артық төлемдер, зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемді дұрыс есептемеу, ақша қаражатын аудару және т. б. бұзушылықтарын анықтады.
Кәсіпорындардың активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану қызметтерді сатып алуға арналған шарттар сомасын асыра бағалау (33,0 млн. теңге) нәтижесінде жол берілген.
Мемлекеттік сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзушылықтары анықталды, тұрақсыздық айыбын өндіріп алмау және жеткізушілерді міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қолданбау, сондай-ақ шарттардың орындалуын кепілдік қамтамасыз етуді төлемеу, жеткізу мерзімдерінің болмауы орын алады.
Ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізу кезінде аудит объектілері құрылыс нормаларын бұзуға, жұмыс көлемдерін орындамауға және сапасыз орындауға (29,2 млн.теңге), бухгалтерлік есеп деректері бойынша активтерді капиталдандыруға жұмсалған шығындарды дер кезінде көрсетпеуге жол берген, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану (49,6 млн. теңге) және экономикалық шығындар (3,2 млн. теңге) анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 266,1 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 199,1 млн. теңге (аудит барысында 198,4 млн. теңге қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс 66,9 млн. теңге (аудит барысында 39,9 млн. теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 150,5 млн. теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 1 568,1 млн. теңге, жоғалған пайда / экономикалық шығындар - 1 982,0 млн. теңгені құрады, сондай-ақ 152 рәсімдік бұзушылықтар мен 16 жүйелік кемшіліктер анықталды.