Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу қорытындылары
2021 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі -Кәсіпорын) активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары Кәсіпорын қазіргі кезде заманауи құрал жабдықтармен, дәрілік препараттармен, санитариялық автокөліктермен, күрделі аурулар мен адам өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бара жатқан жолда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары денсаулығына елеулі зиян болдырмау үшін білікті мамандармен қамтамсыз етілгенін атап өтеді.
Сонымен қатар, медициналық көмекке қол жетімділігі мен дер кезінде ұсынылуын бағалау Кәсіпорын жұмысында кейбір кемшіліктерді көрсетті. Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында мәліметтер өзекті жүргізілмейді, көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімсіз, қолда бар ақылы қызметтер туралы ақпарат орналастырылмайды. Қосалқы станцияларда қызмет көрсетілетін халық санының есебі жүргізілмей келеді.
Сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу ережелерін талаптарын бұза отырып Кәсіпорында 2019-2020 жылдары ішкі сараптамалар толық көлемде жүргізілмеген. Бұдан басқа, Кәсіпорында электрондық құжаттама толық жүргізілмеуіне байланысты аудит кезеңінде 151 876 шақырту бойынша жүргізілген сараптаманың толықтығы туралы ақпарат жоқ. Кәсіпорын қызметкерлерінің кемшіліктері үшін тәртіптік шаралар әрдайым қолданыла бермейді. Бұл ретте кейбір жағдайларда жұмыскерлерге тәртіптік жаза қолдану формальды түрде қолданылатыны анықталды (оларды мерзімінен бұрын ақшалай сыйақы төлеуге жақын уақытта жою тәжірибесі қолданылады).
Жедел медициналық көмек қызметінің құрылтайшы құжаттарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкестігіне жүргізілген бағалау және талдау Бақылау кеңесінің өкілеттіктері Бақылау кеңестері құрылғаннан кейін 2019 жылы 4 жылдан соң ғана Кәсіпорын Жарғысына енгізілген.
Бақылау кеңесі Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын анықтамайды, сондай-ақ Кәсіпорынды басқару жүйесін талдау жүргізілмеген, оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленбейді, корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге бағытталған қызмет жоқ.
Кәсіпорынның 2019 жылға арналған ұйымдық құрылымы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының нормаларын және әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бұзып бекітілген. Онда Бақылау кеңесінің өкілеттігі көрсетілмеген, Кәсіпорын басшысы лауазымын Жарғыға енгізілмеген «Бас дәрігер» атқарады. Құрылымдық бөлімшелер туралы бекітілген Ережелерде ұйымдық құрылымға сәйкес бөлімшенің бағыныстылығы көрсетілмеген. Кәсіпорын басшылығының лауазымдық нұсқаулықтарында қызметтік міндеттері бекітілмеген. Бұйрық шыққан кезде клиникалық мамандықтар бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санаты жоқ мамандар қосалқы станция меңгерушісінің лауазымына тағайындау оқиғасы анықталды.
2019 және 2020 жылдарға арналған даму жоспарында сапа және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері бойынша деректер жоқ. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы Заң) 138-бабы 1-тармағын бұза отырып, жұмыскерлерге біржолғы көтермелеу сыйақы 455 663,0 мың теңге сомасы көлемінде төленген, еңбекақы төлеу қоры заңсыз көбейтілген, оларды төлеу кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес еңбекақы төлеу қоры үнемделген жағдайда ғана жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепте шығыстардың толық және уақытында көрсетілуіне жүргізілген аудит Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер еткен кемшіліктердің барын көрсетті, соның салдарынан Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін Нұр-Сұлтан қаласы бюджетіне аударымдарды толық төлеуіне әсер еткен.
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 138-бабы 2-тармағын бұза отырып, Кәсіпорын тексерілген кезеңде қаражатты «жасанды» үнемдеу есебінен жалпы сомасы 466 568,1 мың теңгеге еңбекақы төлемі бойынша қосымша заңсыз шығындарға жол берген.
Кәсіпорында қызметкерлердің қызметін бағалау критерийлерін сапалы жасау қамтамасыз етілмеген, бұл, сайып келгенде, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және сараланған төлемдер бойынша қызметкерлерді бағалау кезіндегі жұмыстың нәтижелілігін көрсетпейді. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларының ұсынуынсыз және жұмыстағы ерекше жетістіктері туралы құжаттық растау болмаған жағдайда Кәсіпорын қызметкерлеріне жалпы сомасы 158 846,0 мың теңге біржолғы сыйақы (2020 жылғы желтоқсанда) төленген. Сондай-ақ, алынбаған тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге де біржолғы сыйақы (177,0 мың теңге) берілген.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заң) бірқатар нормаларын бұзу анықталды. Сонымен, кәсіпорын конкурстық рәсімдерді өткізбеу мақсатында өзара байланысты жұмыстар кешенін лоттарға әдейі бөлген, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін негіздер болмаған кезде тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді жабдықтаушылармен негізсіз 5 шарт жасасқан.
Өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамау, оның ішінде жалпы сомасы 452,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға әкеп соққан фактілері орын алған кезде Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12-бабы 4-тармағын орындамаған, үш өнім берушімен жасалған шарттар бойынша олардың өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қабылдамаған.
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын бағалау және оларды тиімді пайдалану қорытындылары «С» (реанимобиль) класындағы және «А» класты санитарлық көлік жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті медициналық құрал жабдықтармен жабдықталмағаны анықталды. Бұл ретте 2019–2020 жылдары сатып алынған 101 санитарлық көліктің 52-сі немесе жартысынан астамы құрал жабдықтарсыз сатып алынған.
Сондай-ақ, негізгі құралдарды уақытында кіріске алу мен және олардың толықтығын талдау бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу кезінде кемшіліктер мен бұзушылықтардың бар екенін көрсетті. Ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде шикізаттар мен материалдарды пайдалану және оларды шығынға жазу кезінде тиісті есебі жүргізілмеген. Сондай-ақ шиналарды есептен шығару кезінде материалдық құралдарды есептен шығару операцияларын ресімдеу барысында қолданылатын талаптар сақталмаған.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы, жалпы сомасы 51 511,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды, оның ішінде: бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге тиіс – 24 812,1 мың теңге (аудит барысында 1 644,3 мың теңге қалпына келтірілді); өтелуге тиіс – 26 699,0 мың теңге (аудит барысында 326,7 мың теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау бойынша – 455 663,0 мың теңге, сондай-ақ ықтимал шығындар мен жіберіп алған кірістер 466 568,1 мың теңге сомасында, 55 рәсімдік бұзушылық пен мемлекеттік аудит объектілері қызметіндегі 38 жүйелі кемшіліктер анықталды.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдар әзірлеп, аудит нысандарына жіберді.