Астана қалалық мәслихатының депутаттары Ревизиялық комиссияның кезекті отырысына қатысты

Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алып қоюға бөлінген қаражат пен активтерді пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелерін талқылады.

Аудит 2022–2024 жылдар аралығындағы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының қызметін қамтыды. Жиында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындау, алып қою рәсімдерінің заңдылығы, өтемақыларды уақытылы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою және жер учаскелерін алып қою үдерістерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жаңалықтар