Ағымдағы жылғы 22 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына және оның ведомствоға бағынысты мекемелеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалануды бақылаудың және Стратегиялық жоспардың Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірге қосарлас бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылаумен Астана қаласын Дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерге жыл соңында қалыптасқан нақты көрсеткіштермен сәйкестілікке келтіру жолымен анықталды.
Нәтижесінде, Дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, оның ішінде орындалу фактісі бойынша өткен кезеңдегі көрсеткіштер, сондай ақ, Стратегиялық жоспардың жылдар бөлігіндегі тікелей нәтижесінің кейбір көрсеткіштері бір деңгейде қалып отыр, ол Дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды нақты бағалауға және жоспа рлы кезеңнің соңында қызмет саласында динамикасымен негізгі өзгерістерді талдауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатының жыл сайынғы өсуінің оң динамикасы байқалады.
Аталған кезеңде елорда бюджетінде елорданың денсаулық сақтау саласындағы шығындары тексерілген кезеңдегі елорда бюджетіне сәйкес орта есеппен 6,2% құрайды.
Маңызды мәселе болып білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бақылау қорытындысы бойынша қалпына келтіруге және өтеуге жататыны анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 139 765.4 мың теңгені құрады, оның бүгінгі күнге 74 078.6 мың теңге қаражаты қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.