Техникалық оқу баспасөз парағы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының техникалық оқу жоспары аясында қызметкерлерге келесі тақырыптар бойынша семинар өткізілді:

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;

- «ӘІБТ»  АЖ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру рәсімі;

- ҚР ИАЖ-дегі аудиторлық қызметті автоматтандыру рәсімі;

-Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет Кодексінің нормаларын түсіндіру;

- мемлекеттік аудит және мемлекеттік басқару жүйесі туралы: Корея Республикасындағы тәжірибе;

- 2025 жылға арналған сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын қолдану бойынша Әдіснамалық басшылық және МАҚБ Қағидаларына сәйкес сапаны бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындыларының нәтижелері бойынша аудиторлық іс-шаралар шеңберінде жіберілген бұзушылықтарға шолу.

Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясы төрағасының м.а. Сәбит Төлеуұлы Мұқанов (Әдеп жөніндегі уәкіл) мемлекеттік қызметшілердің этикасының, Қызметтік әдеп қағидаларын және Тексеру комиссиясының жұмыс регламентін мүлтіксіз сақталуын талап етті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары А.К. Айтуева мен  М. Ж. Қожабекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдерін, Қылмыстық кодекстің жекелеген нормаларын түсіндірді, сондай-ақ қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2 бейнеролик көрсетілді.

Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы А. Ж. Самарбекова бюджет заңнамасының реформасы туралы баяндап, Бюджет кодексінің негізгі бағыттарын және олардың қызметкерлердің жұмыста қолдануы үшін жекелеген нормаларын атап өтті, сондай-ақ Корея Республикасындағы мемлекеттік аудит және мемлекеттік басқару жүйесі туралы ойымен бөлісті.

Құқықтық қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімінің басшысы А. Н. Әлназарова сапаны бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындылары бойынша  аудиторлық іс-шаралар шеңберінде жиі қайталанытн  бұзушылықтарға барлық аудиторлардың назарын аударды.

Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудитор  А. М. Шахимов  «ӘІБТ» АЖ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау рәсімі бойынша слайдтар   көрсетумен  жан-жақты түсіндірді.

Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік  аудитор  Е. К. Қайырбеков ҚР Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде аудиторлық қызметті автоматтандыру рәсімі бойынша слайдттарға шолу арқылы түсіндіріп, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу, жүйеге ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтау мәселелерін айтып берді.