Ағымдағы жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласының құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік органдардың тексерістерін оңтайландыру бойынша заңдылық, құқық тәртіптілік және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша кезектен тыс отырысы өтті
Отырыс Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарда жүргізілетін тексерістерді оңтайландыру және қысқарту бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде өтті.
Отырыс Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.Ә. Сембековтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевтың және барлық бақылау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша бір бақылау кезеңдерінде қарастырылатын сұрақтарға айқын шек қоя отырып, қосарлас және бірлескен іс-шараларды жүргізу жолымен, 2014 жылға жоспарланған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен жүргізілетін тексерістерді оңтайландыру бойынша шешім қабылданды.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау іс-шаралары жоспарларының жобалары бақылау объектілерінің және қарастырылатын сұрақтардың қайталамауын барынша ықшамдау мақсатында Астана қаласының прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен қарастырылатын болады.
Бұдан әрі, Астана қаласының прокуратурасымен келісілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау іс-шаралары жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне жолданатын болады.