Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына және оның ведомствоға бағынысты мекемелерінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау қорытындылары шығарылды
Отырыс барысында Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына және оның ведомствоға бағынысты мекемелеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігін бақылаудың және Стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындылары шығарылды.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.М Ахметов бақылаумен Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының жалпы сомасы 254,6 млн. теңге бұзушылықтыры анықталғанын, оның ішінде тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 94,1 млн. теңгеге екендігін және 16,5 млн. теңге сомасы орнына келтіруге (қайтаруға) жататынын атап өтті.
Сондай ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама рәсімдерін орындау тәртібінің және басқа да талаптарының орындалмауына қатысты бұзушылықтар фактілері анықталды.
Басқарманың Стратегиялық жоспарын жүзеге асырылуын бағалау тікелей нәтиже көрсеткіштерін жоспарлауда, олардың қол жетімділігі бойынша мақсатты индикаторларды және іс-шарадарды анықтауда формалдық әдіс туралы куәландырады.
Нәтижесінде, Басқарманың Стратегиялық жоспарына есептік кезеңнің соңында алынған қорытындылар бойынша өзгерістер енгізілген.
Басқарманың және оның ведомствоға бағынысты мекемелерінің қызметін бақылау қаладағы туризм және спорт саласындағы жыл сайынғы бюджеттік қаржыландыруының өсімі туралы куәландырады.
Сондай ақ, Басқарманың және оның ведомствоға бағынысты мекемелерінің жұмысында бір қатар бұзушылықтар анықталды.
Емдік дене шынықтыру және спортсмендерді сауықтыру бойынша жеке дәрігерлік-физкультуралық диспансердің қызметі қамтамасыз етілмеген.
Спорттық жабдықтарды, инвентарьді сатып алуда және қызметтік киім-кешекпен жабдықтауда сатып алынатын тауарлардың сапалылығы әр дайым ескеріле бермейді, бұл олардың жылдам тозуына әкеледі.
Кадрлық жұмыстар қолданыстағы заңнама нормаларының бұзушылықтарымен және Басқарманың және оның ведомствоға бағынысты мекемелері басшылары жағынан тиісті бақылауысыз, жүйесіз түрде жүзеге асырылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша өкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті Қаулы қабылданды.