Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті
Отырыс барысында "Астана Innovations" АҚ-на инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалаудың қорытындысы бойынша Қоғамның қызметі инновациялық технологияларды дамыту және енгізуге қолайлы жағдай жасауға, индустриалды-инновацялық қызметті мемлекеттік қолдауға бағытталған, бұл квазимемлекеттік сектор субъектісін құру Жарғысы мен негізгі міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келетінін атап өтеді.
Сондай ақ, Қоғамда инновациялық жобаларды жүзеге асыруда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың үнемділік және нәтижелілік принциптерін сақтау жұмыстарының жеткіліксіздігі байқалады, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының жалпы сомасы 663,5 млн. теңгеге бұзушылықтарына әкелгенін атап өтеді.
Жүзеге асырылған пилотты жобалар елордада қажетсіз болып қалуда, кейбір жобалар Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асырылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша өкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті Қаулы қабылданды.