Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды

«Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары көрсеткендей, бөлінген бюджет қаражаты елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйіне оң әсер етіп, бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілген.

Сонымен бірге, мемлекеттік аудитпен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау тетігінің қолданыстағы заңнамамен белгіленген нормалардан кейбір ауытқушылықтармен іске асырылатыны анықталды.

Орынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қайтаратын ақша қаражаттарын көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге қайта пайдалану мақсатында уақтылы игермеу фактілері орын алған, бұл модернизациялау бағдарламасымен қамтылған кондоминиум объектілерінің сандық көрсеткіштеріне кері әсер етеді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ