Техникалық оқу бойынша баспасөз парағы
2025 жылғы 11 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында техникалық оқу жоспары шеңберінде қызметкерлерге келесі тақырыптар бойынша семинар өтті:
- іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын мекемесіне барудан бас тарту, сондай-ақ өзінің діни нанымдарын таңбау, қарамағындағыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу;
- мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу;
- тексеру комиссиясы қызметінің ағымдағы мәселелері;
- 2024 жылғы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау қорытындылары және 2025 жылғы аралық қорытынды туралы;
- 2024 жылға арналған сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын қолдану бойынша әдіснамалық басшылық және МАҚБ қағидаларына сәйкес сараптамалық нәтижелердің қорытындылары бойынша аудиторлық іс-шаралар шеңберінде жіберілген бұзушылықтарға шолу;
- аудиторлық қызмет шеңберінде ChatGPT тиімді пайдалану;
- 2025 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға шолу.
Техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қанат Орынтайұлы Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттарды түсіндірді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына және ойын мекемелеріне барудан бас тартуға ерекше назар аударды.
«Қамқор-Астана» қоғамдық қорының өкілі, дәріскер-дінтанушы Қуатов Арулан Қуанышұлы мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Латкенұлы 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне сәйкес және мемлекеттік аудит қағидалары мен стандарттарының талаптарын ескере отырып, көзделген мерзімдерде аудиторлық іс-шаралардың уақытында жүргізілуін, мемлекеттік қызметшілердің этикасын, қызметтік Әдеп қағидаларын мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ Тексеру комиссиясының қызметінің басқа да мәселелеріне тоқталды.
Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Айжан Жексенбайқызы Самарбекова 2025 жылғы қызметті аралық бағалау туралы және олар бойынша назар аударуға тұрарлық ең жоғары ұпайлар санына әлі қол жеткізілмеген өлшемдер туралы хабарлады.
Құқықтық қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Әлназарова Айнұр Нұртасқызы барлық аудиторлардың назарын сараптамалық нәтижелердің қорытындылары бойынша аудиторлық іс-шаралар шеңберінде жиі орын алатын және жіберілетін бұзушылықтарға көңіл аударды, сондай-ақ заңнаманың жекелеген нормалары бойынша түсініктеме берді.
Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы Нуксинова Мадина Берікболқызы аудиторлық қызмет шеңберінде түрлі бағыттарды шешу үшін көмекші ретінде ChatGPT пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы Тоқжігітова Айгүл Қанатқызы мемлекеттік сатып алу туралы заңына енгізілген жаңа 10 негізгі өзгерістерге шолу жасады, осы заңның негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ отандық бизнесті дамыту болып табылады деп аяқтады.