Астана қаласының жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және активтерді басқару тиімділігі мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2024 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі –Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда Астана қаласының жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және активтерді басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды, ол жалпы алғанда осы ұйымдар жүзеге асыратын қызмет олардың құрылтайшылық  және жоспарлық құжаттарымен белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінінн көрсетті. Сонымен қатар, тексеру  ұйымдардың қызметінде белгілі бір кемшіліктердің және тексерілген кезеңде жіберілген жекелеген бұзушылықтар фактілерін анықтады.

Жер қатынастары саласындағы сәулет басқармасының қызметін қаржыландыру  «Елді мекендердің  құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлеу» 002 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, оны жоспарлау және іске асыру кезінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген, оның ішінде:

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органның тапсырысы бойынша оны орындау қажеттілігіне байланысты іске асырылуы тоқтатылған «Астана агломерациясының аумақтық дамуының өңіраралық схемасын түзету (өзектендіру)» жұмыстарын орындауға 155 000,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған;

- нәтиже көрсеткіштері бөлігінде бюджеттік есептілік деректері бұрмаланған;

- бюджеттік бағдарламаның барлық көрсеткіштері заң талаптарына сәйкес келмейді.

Сәулет басқармасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмыстардың негізгі орындаушысы «Астана Бас жоспары»  ЖШС болып табылады. Бұл ретте Сәулет басқармасы «Астана Бас жоспары» ЖШС-мен шарттар бойынша жұмыстарды қабылдау және төлеу кезінде бұзушылықтарға жол берген, оның ішінде:

- орындалған жұмыстар актілері бойынша төлеуге қабылданған көлемдердің жалпы сомасы 14 122,3 мың теңгеге, оның ішінде іссапар шығыстары бойынша сметалық құнын арттыру және аэротүсірілімнің орындалмаған көлемі есебінен дәйектілігі мен негізділігі қамтамасыз етілмеген;

- жұмыс уақытының орташа айлық ұзақтығының көрсеткішін дұрыс қолданбау нәтижесінде 2023 жылы қызмет түрлері бойынша сметалық құны жалпы 5 115,2 мың теңгеге асырылған.

Сонымен қатар, Сәулет басқармасы  «Астана Бас жоспары»  ЖШС-не қатысты басқару органының функцияларын жүзеге асыру кезінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген, оның ішінде:

- даму жоспарына енгізу үшін мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер жеткізілмеген және уақтылы жеткізілмеген, бұл ретте жекелеген жеткізілген көрсеткіштер заңнама талаптарына сәйкес келмейді;

- әкімшілік шығыстардың лимиттері, оның ішінде әкімшілік аппаратты орналастыру үшін алаңдардың нормалары жеткізілмеген;

- мемлекеттік сатып алу шеңберінде тапсырыс беруші және қызметтерді орындаушы ретінде өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілмеген.

Бұдан басқа, Сәулет басқармасы жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет қамтамасыз етілмейтіні  анықталды. Бұл ретте  «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту бойынша порталда мемлекеттік қызмет көрсетуге  өтініш беру түймесінің болмауына байланысты орын алады.

Аудит кезінде жалпы сомасы 20 204,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтелуге жататын 20 204,1 мың теңге (аудит барысында толық өтелді), бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 282 816,4 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы – 719 561,9 мың теңге, 58 рәсімдік бұзушылық және 5 жүйелік кемшіліктер.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 235-бабы бойынша «Елді мекендердің құрылысын салудың  бас жоспарларын әзірлеу» 002  бюджеттік бағдарламасының 2023 жылғы тікелей көрсеткіштерінің нақты орындалу деректерін бұрмалау фактісі бойынша Сәулет басқармасының лауазымды тұлғасы  жауапкершілікке  тартылды.

Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуының 1 фактісі және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзудың 3 фактісі бойынша аудиттік  материалдар жолданды.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.