2024 жылғы 13 қыркүйекте техникалық оқу өтті
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында техникалық оқу жоспары аясында қызметкерлерге келесі тақырыптар бойынша түсініктер берілді:
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасына өз жұмысы туралы ақпарат беруі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың 1000. Рәсімдік стандартына өзгерістер енгізу;
- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың 1001. Рәсімдік стандартына өзгерістер енгізу;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау рәсімі бойынша.
Техникалық оқу барысында жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы А. Ж. Самарбекова мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауға енгізілген жаңа бағыттар мен өлшемшарттарды, сондай-ақ оларға қол жеткізуді түсіндірді.
Қызметкерлер өз жұмысы туралы ақпарат бөлігінде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізіліміне байланысты тоқсан сайынғы есептіліктің талап етілетін нысандарына қатысты хабардар етілді.
Бас инспектор -мемлекеттік аудитор А. М. Шахимов «ӘҚББТ» АЖ-да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға қатысты слайдтарды қоса бере отырып, толық ақпарат берді.