Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

2024 жылғы 25 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігінің мемлекетті к аудитінің қорытындылары  қаралды, жалпы  2023 жылы бюджеттік кредиттеу/қарыз алу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12 есе төмендегенін көрсетті.

Бюджеттен қарыздар / кредиттер өткір әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде жастар жұмыссыздығы мәселелерін шешуге, проблемалық үлестік құрылысты аяқтауға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге және т.б. бағытталды.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша - 32 361,5 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау - 50 319,6 млн. теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 1 544,3 млн. теңге, ықтимал шығындар -  32 472,3 млн. теңге, сондай-ақ 160 рәсімдік бұзушылықтар мен 12 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Қарыздарды/несиелерді жоспарлау және пайдалану кезінде келесі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:

- кейбір  бюджеттік кредиттер бойынша жоспарлау құжаттарын әзірлеу сапасының төмендігі, атап айтқанда бюджеттік бағдарламалардың қаржылық-экономикалық негіздемесі, олар бойынша уәкілетті органдардан қорытындылардың болмауы атап өтіледі;

- «тиімділік», «жүйелілік», «негізділік», «атаулылық» бюджеттік жүйесінің негізгі қағидаттары сақталмайды;

- бюджеттік комиссияның қарауы үшін жалпы сомасы 10 040,1 млн. теңгеге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша 11 қорытынды әзірленбеген;

- бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалау жүзеге асырылмайды, бюджеттік кредиттеудің қайтарымдылығының, ақылылығының, бюджеттік кредиттеуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары сақталмаған;

- жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға/қалыптастыруға соңғы кредиттік міндеттемелерді орындау мақсатында 15 453,0 млн. теңге бөлінген;

- кредиттік қаражатты қайтару тетігінің болмауына байланысты «Астана-Теплотранзит» АҚ берілген  3 014,3 млн. теңге сомасына кредиттік қаражаттың қайтарылмау тәуекелі бар;

-  кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге соңғы қарыз алушыларға (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне) бөлінген 637,3 млн.теңге сомасына, Астана қаласында құрылыс проблемаларын шешу үшін бөлінген 32 361,4 мың теңге сомасына бюджеттік кредиттік қаражаттардың  қайтарылуы қамтамасыз етілмеген;

Сондай-ақ, елорда әкімдігі қызметінің, оның ішінде бюджеттік кредиттеу рәсімінің бизнес-процестерін цифрландырудың жеткіліксіз деңгейі атап өтіледі.

Жалпы  алғанда, мемлекеттік борышты басқару органдарының тұтас жүйесі жоқ, борыштардың тиімділігін және оның елорда қаржылық жағдайына әсерін бағалау мен талдау жүргізілмейді. Мемлекеттік қарызды басқару функциялары үш басқарма мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлек бектілген.

Сондай-ақ, аудит нәтижелері бойынша Астана қаласының прокуратурасына  «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы»  ШЖҚ МКК лауазымды  тұлғаларының  құны 905 370,0 мың теңге болатын жедел жәрдем автомобильдерін тиімсіз пайдаланумен байланысты әрекетсіздігі фактісі бойынша  процестік шешім қабылдау үшін материалдар берілді.

Аудит қорытындысы бойынша Астана қаласының әкіміне, аудит объектілеріне және мүдделі тараптарға анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.