2024 жылғы 14 мамырда «Өңірлік деңгейдегі орнықты даму мақсаттарының аудиті – АЗОСАИ тәжірибесі» тақырыбында бейнеконференция өтті
Конференцияда Ресей Федерациясы, Қытай, Индонезия, Қазақстан, Филиппин, Таиланд жоғары мемлекеттік аудит органдарының, сондай-ақ Воронеж облысы мен Астана қаласы аумақтық органдарының өкілдері сөз сөйледі.
Қатысушылар өз елдеріндегі ұлттық аудит ерекшеліктерімен, тұрақты даму мақсатында жүргізілетін тәжірибелермен бөлісті.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Лебо Егор Валерьянович Тексеру комиссиясының қызметі туралы шолу баяндамамен сөз сөйледі.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу тұрғысында жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы, экономиканың өсуі бюджетті сауатты жоспарлау және оның тиімді орындалуы туралы айтты, бұл өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік өркендеудің негізі болып табылады.
Тексеру комиссиясы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, инфрақұрылымдық даму, экология салаларындағы тиімділікке аудит, сондай-ақ Астана қаласы Даму жоспарының іске асырылуына бағалау жүргізді.
Аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шаралар қорытындылары экономиканың өсуін, елордада халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуды тежейтін факторларды көрсетті, мысалы, өңдеу өнеркәсібі көлемінің 2,3% - ға төмендеуі, негізгі капиталға сыртқы инвестициялардың төмен үлесі, инфляцияның жоғары деңгейі - 109,1%, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесінің өсуі 2,4% дейін (2020 жыл – 1,5%, 2021 жыл – 1,8%, 2022 жыл – 2,1%), желілердің жылдам тозуы (электрмен жабдықтау - 29%, жылумен жабдықтау – 56%, сумен жабдықтау-41%, су бұру – 40,5%), канализациялық тазарту станцияларына шамадан тыс жүктеменің артылуы, автомобиль көліктерінің атмосфералық ауаға шығаратын ластаушы заттардың ұлғаюы, су қорғау аймақтарының болмауына байланысты екенін көрсетті.
Сонымен қатар, елорда Даму жоспарын іске асыруды бағалау халықтың қанағаттану деңгейінің төмендігін анықтады, оның ішінде:
- елордада білім беру сапасы бойынша - 63,5% құрады (жоспар бойынша 69,4%);
- медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бойынша- 57,2% (жоспар бойынша 71,4%) - бұл уақытында дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмеу, материалдық-техникалық базаның төмен қамтамасыз етілуі, дәрігерлердің қабылдауына кедергісіз жазылу, медициналық жедел жәрдем бригадасының әрекет ету жылдамдығы төмендігі және т. б.;
- экологиялық өмір сапасы бойынша 56,7% (жоспар бойынша 68,2%)-атмосфераға шығарылатындар көлемінің ұлғаюы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, рұқсат етілмеген полигондарды кәдеге жаратуды бақылаудың болмауы, су сапасының төмендігі және т.б. проблемалар;
- жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну бойынша 58% (жоспар бойынша 67,9%) - қоғамдық орындарды, аула аумақтарын, жаяу жүргіншілер аймақтарында жарықтандыру желілерінің, бейнебақылау камераларының болмауы, полиция қызметкерлерінің тұрғындардың өтініштеріне жеткіліксіз ден қоюы және жәрдемдесуі;
- ЖАО жұмысының сапасы бойынша 57% (жоспар бойынша 66,9%) - әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, жұмысқа орналасуға ықпал ету, қабылетті жастар мен білікті мамандардың кетуін бақылау, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін тежеу, бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасын бақылау, қоғамдық көлік жұмыстары, жолайрық құрылысы мен жолдардың жөнделуі мәселелерін атап өтті.
Аталған кемшіліктердің барлығы экономика салаларының дамуына, тұрақты даму мақсатындағы негізгі стратегиялық құжат - Астана қаласы Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізілуіне тікелей байланысты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне ықпал етеді.
Жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру үшін Тексеру комиссиясы жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар беріліп, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарға заң актілерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жібереді.