«Мемлекеттік аудит негіздері. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының тәжірибесі»  тақырыбындағы  дөңгелек үстел

2025 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында  «Мемлекеттік аудит негіздері. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ Тексеру комиссиясының өкілдері қатысты.

Алғы сөзбен және негізгі баяндамамен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы И. Л. Ақпомбаев сөз сөйледі, ол мемлекеттік аудиттің маңыздылығы, Тексеру комиссиясының құрылымы туралы айтып, қол жеткізілген нәтижелер мен аудиторлық практиканың негізгі бағыттарына назар аудара отырып, оның соңғы екі жылдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.

* Аппарат басшысы Т.С. Қуанышбаева,

* Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы Ш. Т. Байсейітова,

* Құқықтық қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімінің басшысы А.Н. Әлназаровалар  баяндамалар жасады.

Баяндамалар мемлекеттік аудиттің негізгі аспектілеріне тоқтала отырып, аудиторлық іс - шараларды жоспарлау мен дайындаудан бастап бұзушылықтарды талдау жүйелеріне және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеуге дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің тәжірибесіне, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін жоспарлау, жекелеген аудиторлық іс-шараларды өткізуге дайындау, аудиторлық тексерулер жүргізудің әдістері мен құралдары, анықталған бұзушылықтардың мысалдары мен мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, сапаны бақылау рәсімдерін жүргізу бойынша әзірленген ұсынымдарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ аудиторлық тексерулердің қорытындылары бойынша қолданылатын қаржылық ден қою шараларына баса назар аударылды.

Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының депутаты К.С. Адамбек сөз сөйлеп, Тексеру комиссиясымен тығыз қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, корпоративтік басқару жүйесіндегі мемлекеттік аудиттің шешуші рөлін атап өтті. Ол бақылау органдарының тиімді ынтымақтастығы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметінде ашықтық пен есептілікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мектебінің лекторы З.П.Загоскина мемлекеттік аудиттің дамуындағы заманауи үрдістерге назар аударды. Атап айтқанда, ол Жоғары аудиторлық палата мен Тексеру комиссияларының бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен үнемділігін бағалауға мүмкіндік беретін тиімділік аудиттерін жүргізуге баса назар аударылғанын атап өтті.

Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік аудиттің ашықтықты, есептілікті және бюджет қаражатын ұтымды жұмсауды қамтамасыз ету құралы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. Іс-шара магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, олардың практикалық білімдерін кеңейтуге және мемлекеттік басқару жүйесіндегі бақылау органдарының рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, электрондық аудитті енгізу қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие  екені айтылды.

Цифрландыру жағдайында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, электрондық аудитті енгізу ерекше өзектілікке ие болатыны атап өтілді. Мұндай шешімдерді қолдану аудиторлық рәсімдердің сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді, деректерді тереңірек талдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаржылық және басқарушылық тәуекелдерді уақтылы анықтауға ықпал етеді.

Қатысушылар іс-шараның магистранттардың кәсіби біліктілігі үшін жоғары маңыздылығын атап өтіп, оның мемлекеттік аудит саласындағы өзекті сын-қатерлерді түсінуге және тәжірибеге бағдарланған білімді қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, мемлекеттік аудит органдарымен одан әрі  ынтымақтастық қатынастарды жалғастыруға ниет білдірді.