Баспасөз парағы
2024 жылғы 2 мамырда Астана қаласы мәслихаты депутаттарының қатысуымен өткен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген аудит жалпы «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС қызметі Серіктестің ұйымдық құрылымына және Серіктестік Жарғысымен бекітілген міндеттерге сәйкес келетінін көрсетті. Квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына материалдық-техникалық жарақтандыруды және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақылы қызметтер шеңберінде заңды және жеке тұлғаларға тұрғын емес үй-жайларды жалға береді.
Сонымен қатар, жүргізілген талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен басқару органы актілерінің бірқатар кемшіліктері мен бұзушылықтарын анықтады.
Даму құжаттарын сапасыз әзірлеу, нәтижелік және сапалық көрсеткіштерінің болмауы, даму жоспарларын бекіту кезіндегі формальдық тәсіл, соның салдарынан оның іске асырылуын және Серіктестік қызметінің дамуын сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізуді тиісті деңгейде бағалау мүмкін еместігін көрсетті.
Астана қаласы әкімдігінің балансындағы әкімшілік ғимараттарды басқару жөніндегі Жарғылық қызметтің Серіктестікті заңды тіркеу кезінде берілген «Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» ЭҚЖЖ 68201 кодына сәйкес келмеуі объектінің Жарғыда көзделмеген қызметті жүзеге асыруына әкеп соққан.
«Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару» ЭҚЖЖ 68201 бойынша қызметті қосу жолымен Серіктестік жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізуге монополияға қарсы органның келісімінің болмауы, аталған қызметтің №1095 қаулының 5-қосымшасына сәйкес мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тәуелді, еншілес ұйымдары үшін ғана көзделгенін көрсетеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруін әділет органдарында тіркеу кезінде хабарлау сипатындағы нормаларды тіркеу және сақтау бойынша рәсімдік бұзушылықтарға жол берген, бұдан басқа, жарғылық капиталдың азаюына байланысты активтердің шығуы жөніндегі операцияларды көрсету бөлігінде бухгалтерлік есеп саласындағы заңнама нормаларының сақталмау салдарынан бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығы мен толықтығы қамтамасыз етілмеген, 2022 жылы жалпы сомасы 222 483,8 мың теңгеге, 2023 жылы 266 705,4 мың теңгеге бухгалтерлік баланстағы кірістер/шығыстар көлемінде бұл деректердің бұрмалануына алып келген.
Ішкі құжаттардың сапасыз әзірленуі және құрастырылуы (Баға саясаты, еңбекақы төлеу туралы Ереже және т.б.), ал кейбір жағдайларда аудит объектісі мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қызметін реттейтін ішкі актілердің болмауы (бөлімдер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар және т. б.) байқалады.
Артық шығындарға әкеп соғатын Серіктестік активтерінің шығыстары мен пайдаланылуын тиімсіз жоспарлауға жол берілген:
- қайталанатын лауазымдық міндеттері бар лауазымдарды Серіктестіктің штат кестесіне енгізу салдарынан және қызмет көрсетуші персоналдың жекелеген санаттарының штат бірліктерінің қажеттілігін есепке алмағанда жалпы сомасы 187 685,0 мың теңгеге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстарды жасанды асыра бағалаған;
- шарттық шарттарда жалға берілетін үй-жайдың 3 707,4 мың теңге жалпы сомасы алаңын төмендету салдарынан жалдау төлемдерін жүзеге асырмай Серіктестіктің үй-жайларын пайдаланатын жалға алушыларға бақылауды қамтамасыз етпеген.
- жергілікті бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдалану болып табылатын Серіктестіктің үстеме шығыстарының мөлшерін және жоспарлы рентабельділік мөлшерін жалпы сомасы 901 743,8 мың теңгеге арттыру салдарынан тұрғын емес үй-жайларды жалға беру ақысының бағаларын белгілеуін қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етпеген;
- 2023 жылы жалпы сомасы 9 927,0,0 мың теңгеге активтердің сақталуын және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқарудың тиімді жұмыс істейтін жүйесінің болмауы салдарынан жалға беруге арналған тұрғын емес үй-жайлардың тұрып қалу фактілеріне жол берген;
- 3 237,6 мың теңге сомасында 130 қызметкердің жалақысына негізсіз үстемеақылар енгізу салдарынан Серіктестік қызметкерлерінің жалақысы бойынша шығыстардың артуына, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларының сақталмауына әкеп соққан;
- бастапқы бухгалтерлік құжаттардың уақытында және дұрыс ұсынылмағандықтан Серіктестіктің өндірістік бөлімшелері мен бухгалтерлік есеп қызметі арасында өзара іс-қимылдың болмаған.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтамау бойынша:
- Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өнім берушілер қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда заңнамада көзделген шараларды қабылдамаған немесе уақытында қабылдамаған (жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінбеген, тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған және т. б.);
-Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлеу туралы ақпаратты уақытында бекітпеген және орналастырмаған;
- Шарт талаптарына және техникалық ерекшеліктердің талаптарына сәйкес шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылаудың жоқтығы.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 502 501,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 489 189,2 мың теңге сомаға қалпына келтіруге тиіс, 13 312,0 мың теңге өтеуге жатады, тиімсіз жоспарлау сомасы 212 919,0 мың теңгені, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиімсіз пайдаланылған қаражаты/активтері 1 571 002,4 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 41 329,8 мың теңге құрады, сондай-ақ 33 рәсімдік және 19 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит барысында Серіктестік активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:
- Бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес келтіру операциялары жалпы сомасы 489 189,2 мың теңгеге қалпына келтірілді;
- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін ішкі актілерді жетілдіру мақсатында Серіктестік құрылымдық бөлімшелерінің Ережелері әзірленді және директордың 2024 жылғы 20 ақпандағы №05-н/қ бұйрығымен бекітілді;
- жалпы сомасы 4 947,4 мың теңгеге Мемлекеттік сатып алу порталының «Төлем туралы ақпарат» қосымшасында орналастырылатын мәліметтер бастапқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес келтірілді;
- Серіктестіктің кірісіне жалпы сомасы 968,2 мың теңгеге жалдау төлемдерін төлеу мерзімдерін сақтамағаны үшін жалға алушыларға ұсынылған өсімпұл түсімдері қамтамасыз етілді;
- Серіктестіктің кірісіне Серіктестіктің қызметкерлеріне жалпы сомасы 3 237,6 мың теңгеге өтеу (жалақыдан ұстап қалу) арқылы негізсіз төленген қосымша төлемдерді қайтару қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асып кету бойынша 2 әкімшілік іс қозғады, сондай-ақ уәкілетті органға әкімшілік рәсімдік іс қозғау үшін 4 материал жолданды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектісіне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.