Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыруды аралық бағалау бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында мәслихат депутаттары мен Астана қаласы басқармалары басшыларының қатысуымен Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыруды аралық бағалау бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Астана қаласының даму жоспарын әзірлеу мен орындауды талдауға мониторингті жүзеге асыру кезінде, сонымен қатар олар бойынша нысаналы индикаторлар мен жоспарлы мәндерді айқындау кезінде бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктердің болуын көрсетті.
2022 жылы іске асыруға жататын 99 нысаналы индикатордың 74 индикаторына немесе 74,7% - на қол жеткізілді, 185 іс-шараның 170
іс-шарасы немесе 91,9% орындалды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған стратегиялық құжаттарының көрсеткіштерімен даму жоспарының нысаналы индикаторларының ыдырауы қамтамасыз етілмеген, бұл «үздіксіздік, сабақтастық және жүйелілік» қағидаттарына сәйкес келмейді.
Мысалы, 1-бағыт «Коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту» бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасымен «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту» нысаналы индикаторы көзделген (2022 ж. - 51%, 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 48%, 2025 ж. – 47%, 2026 ж. – 45%)», «Сапалы білім беру» ҰК «Күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санынан апатты және үш ауысымды мектептердің үлесі» нысаналы индикаторы көзделген, 2021 – 2,5%, 2022 – 1,9%, 2023 - 1,3%, 2024 – 0,7% және 2025-0,1%», бірақ бұл көрсеткіштер декомпозирленбеген және тиісінше, елорданың даму жоспарында көрсетілмеген.
Даму жоспарын іске асыру бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарында жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын нысаналы индикаторларға іс-шаралар жоқ.
Мысалы, «қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қала» үшінші бағыты шеңберінде «АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мақсаты бойынша Даму жоспарында «Aizet Farms» ЖШС-нің 2022 жылы жеке инвестициялар есебінен толық циклді жоғары технологиялық ет өңдеу кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру арқылы «Шұжық өнімдерін өндіру» нысаналы индикаторына қол жеткізу көзделген іс-шаралар жоспарында инвестициялық жоба көзделмеген.
Сол сияқты, инвесторлардың қаражаты есебінен іске асырылатын экономиканың түрлі салаларында жаңа 12 инвестициялық жоба көзделмеген.
Іс-шаралар жоспарына нақты шаралар мен іс-қимылдарды қамтымайтын, егжей-тегжейлі және өлшенетін көрсеткіштерсіз баяндалған, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының атауын қайталайтын және негізінен жалпылама сипаттағы іс-шаралар кіреді, бұл өз кезегінде олардың орындалуын бақылауды қиындатады.
Бюджеттен қаржыландырылатын жекелеген іс-шаралар даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүлдем байланысты емес, бұл іс-шара жоспарының сапасыз әзірленгенін көрсетеді және жалпы сомасы 47 697,0 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеп соқтырды.
Даму жоспарын әзірлеу және іске асыру кезінде мына бұзушылықтарға жол берілді:
- жұмыс тобының құрамын өзектендірмеу;
- елорда ахуалының және ықтимал сыртқы тәуекелдердің дамуына талдау жүргізбеу, өткен кезеңдердегі МӨК құжаттарын іске асыру қорытындыларын және күшті/әлсіз жақтарын талдау (енгізілген түзетулерді ескере отырып);
- халықтың, кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми жұртшылықтың, тәуелсіз сарапшылар мен жұртшылық өкілдерінің қалауын анықтау үшін Интернет-технологиялар арқылы халыққа сауалнама жүргізбеу, соның салдарынан сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылмаған;
- даму жоспарын елорда мәслихатына бекітуге уақтылы ұсынбау;
- іс-шаралар жоспарын түзету кезінде оны іске асыру үшін қажетті бюджет және жеке қаржы ресурстары сомаларының дұрыс көрсетілмеуі, өткен кезеңдерге (2021-2022 жылдар) жоспарлы мәндердің сенімсіздігі;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде болжамды шығыстардың қалыптастырылған жиынтығының болмауы;
- есепті кезеңде статистикалық және ведомстволық деректердің болмауы;
- нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша есепті деректердің бұрмалануы;
- мониторинг процесінде пайдалану үшін іс-шаралардың орындалуы туралы дәйексіз ақпарат ұсыну;
- 7 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2022 жылға арналған Астананың даму жоспарын іске асыру туралы ақпаратты уақтылы ұсынбауы;
-орындалмаған іс-шаралардың немесе ішінара орындалған іс-шаралардың бағдарламалық құжатта айқындалған белгіленген мақсаттарға және тиісті нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және тұтастай алғанда Астана қаласындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы түсініктемелердің болмауы.
Сонымен қатар, елорда экономикасының дамуы 2022 жылы Астана қаласының негізгі көрсеткіштерінің көпшілігінің өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді, алайда Даму жоспарының 25 нысаналы индикаторына қол жеткізбеу, сондай-ақ ішінара орындалған 15 іс-шара елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етпеді, алайда жоспарды іске асыру кезінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының әлсіздігін айғақтайды.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 47 697,0 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, сондай-ақ
29 рәсімдік бұзушылықтар мен 5 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және болдырмау мақсатында тексеру комиссиясы ұсынымдар мен тапсырмалар берді.