Баспасөз парағы
2023 жылғы 29 қарашада Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е.Е. Каналимовтің және мәслихат депутаттарының қатысуымен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Астана қаласында жергілікті деңгейде жалпы құны 123 171 572,0 мың теңге сомасына 15 мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі-МЖӘ) жобасы іске асырылуда (білім беру саласында (8 жоба) немесе олардың жалпы сомасы санының 53%-ы, көлік және инфрақұрылым саласында - 2 жоба, мәдениет және спорт саласында - 2 жоба, қоғамдық тәртіп сақтау саласында - 1 жоба, денсаулық сақтау саласында – 1жоба, өңдеу өнеркәсібінде - 1 жоба).
МЖӘ шарттары міндеттемелерін іске асыру бойынша жергілікті бюджетке түсетін ауыртпашылықтарды талдау жалпы мемлекеттік міндеттемелердің орындалатынын көрсетті (елордаға бөлінген белгілі лимиттің 35%). Төрт шарт бойынша жеке әріптестер қарыз қаражатын тартпай айтарлықтай инвестицияларды жүзеге асырады (7 211 450,0 мың теңге).
Бұдан басқа, елорда бюджетінің кіріс бөлігіне қосымша түсімдер мен қызметтерге қаражатты үнемдеу түрінде мемлекетке пайда түсіретін жобалардың болуын атап өтеді, бұл жобалардың өзін-өзі ақтайтынын көрсетті (Астана қаласы әкімдігіне көліктік қызмет көрсету; АӨК құру және фотобейне тіркеу мен бейнеталдауды пайдалану).
Сонымен қатар, бастапқы кезеңде жобаларды алып тастау және МЖӘ жобаларының тізбесіне енгізу фактілері жеткілікті деңгейде сапалы пысықталмаған, мысалы, 2020-2022 жылдары МЖӘ жобаларының тізбесінде көзделген алты жоба іске асырылмаған (шарт жасалмаған), ал төрт жоба бойынша шарт бұзылған.
2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінде туризмді дамыту және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін технологиялық инновацияларды дамыту жөніндегі міндеттер енгізлімеген, бұл жалпы МЖӘ-нің негізгі міндеттеріне, сондай-ақ Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарына қайшы келеді.
Қалыптасқан жағдай салалық әкімшілердің тарапынан МЖӘ жаңа жобаларына бастамашылық жасаудағы нашар белсенділігімен түсіндіріледі.
Бұдан басқа, аудит мемлекеттік және жеке серіктестер тараптарынан мемлекеттік әріптестердің МЖӘ жобаларын іске асыруды ұйымдастыру, бақылау және мониторинг жүргізу нашар ұйымдастырылатынын , құрылған жұмыс орындарының саны бойынша көрсеткіштерді жоспарлау кезінде сапалық пысықтаудың жеткіліксіздігін, МЖӘ шарттарының тізілімін жүргізу жөніндегі қызмет тиісті жергілікті атқарушы органында бекітілмегенін, жобаларды іске асыру кезінде проблемалық мәселелер, мемлекеттік және жеке әріптестер тарапынан кейбір шарттардың талаптарын бұзу фактілері анықталды.
«Астана қаласы әкімдігінің Көліктік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің сервистік келісімшарты» жобасы (бұдан әрі – «Такси» МЖӘ), мемлекеттік әріптесі – Инвестициялар басқармасы болып табылады.
Мемлекеттік әріптес пен Жеке әріптес «Такси» МЖӘ шартының заңнамасы мен талаптарын бұза отырып, «Такси» МЖӘ шартына таксидің көлік қызметтері үшін бюджеттік міндеттемелерді төмендету жағына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарамаған. Керісінше, Тараптар такси автокөліктерін жалға алу тарифтерінің мөлшерін нақты (ресми) инфляциядан тыс ұлғайтқан, бұл мемлекеттік әріптестің жалпы сомасы 107 052,7 мың теңгеге экономикалық шығынға әкеп соқтырған. Мемлекеттік әріптес заңнамаға сәйкес МЖӘ объектісіне, сондай-ақ МЖӘ жобасы шеңберінде қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізе отырып, аудит кезеңінде жеке әріптестің автокөлік құралдарын жол қозғалысы алдындағы техникалық байқауын, такси жүргізушілерін жол қозғалысы алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан өтуін қамтамасыз етудің сақталуын, такси жүргізушілерінің еңбек және демалысы режимінің сақталуын тексермейді.
Сондай-ақ, Инвестициялар басқармасы 2020-2023 жылдарға арналған 100 бірлік эконом-класс таксиінің күнделікті нақты шығуы туралы бақылау мен мониторингті ұйымдастыру және жүргізу туралы куәландыратын құжатты ұсынбаған.
Аудит барысында такси қызметтерінің абоненттері арасында жүргізілген сауалнама респонденттердің жартысынан көбі (59,4%) қызметтерді алу үшін таксиді ұзақ күтетінін, қызмет көрсетушінің нашар жұмысы және тиісінше Астана қаласы әкімдігі бөлімшелерінің қызметкерлері жұмыс уақытын жоғалтатынын айтты. Респонденттердің 25% такси жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзатынын, респонденттердің 28,1% - ы жүргізушінің көлікті ұқыпты жүргізбейтінін, сапардың оңтайлы емес бағытын таңдайтынын көрсетті, бұл олардың кәсіби біліктілігінің төмендігінің көріністері болып табылады.
Мемлекеттік әріптес 2020-2023 жылдары бюджет қаражатын үнемдеу жағдайлары туындаған кезде бюджеттік міндеттемелер бойынша төлемдер сомасын азайту жағына МЖӘ шартына уақытында өзгерістер енгізілмеген .
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тарлан» паралимпиадалық жаттығу орталығы мен мұз айдынының қызметін ұйымдастыру» МЖӘ жобасы, мемлекеттік әріптесі – Спорт басқармасы.
Қызмет тұтынушыларының – дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың келу санының оң өсу қарқыны байқалады, 2022 жылы келу өсімі 2020 жылмен салыстырғанда 19 994-ке немесе 1,57 есеге ұлғайған. Жүргізілген сауалнама респонденттердің 98,9% -ы негізгі бөлігі спорт нысандарының көрсетілетін қызметтеріне қанағаттанатынын көрсетті, бұл өз кезегінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында спортты дамытуды қамтамасыз ету бойынша жеке әріптестікпен қомақты жұмыс жүргізілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, осы тексеру барысында МЖӘ жобасын іске асыру кезінде жалпы сомасы 54 369,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде «Каспий» спортты дамыту қоры» қоғамдық қорында (Жеке серіктес) - 27 630,9 мың теңге анықталды. Мемлекеттік әріптес тозу дәрежесі 50%-дан асатын 25 атау бойынша негізгі құралдарды жалға алған. Жеке әріптес медициналық қызметті жүзеге асыру үшін маманның сертификатынсыз медицина қызметкерін жұмысқа қабылдаған, МЖӘ шарты шеңберінде қызмет көрсету үшін пайдаланылатын мүліктің жеке есебі жүргізілмеген, бұл «Амортизация» бабы бойынша шығындардың артуына әкелген.
«Астана қаласында фотобейне тіркеу мен бейнеталдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» жобасы (бұдан әрі – «Сергек» МЖӘ), мемлекеттік әріптесі-Цифрландыру басқармасы.
Жеке әріптес жобаны ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мерзімдерін бұзған. 1 іске қосу кешені мен 2 іске қосу 2018 жылғы 2 тамызда және 2020 жылғы 18 қыркүйекте өнеркәсіптік пайдалануға берілген немесе тиісінше 923 күн және 991 күн кешіктірілген. Алайда мемлекеттік әріптес пен жеке әріптес объектілерді уақытында пайдалануға берілмеуіне байланысты шығыстарды қысқарту кезінде 1 106 793,67 мың теңге сомасына (операциялық шығындардың (ШӨК) өтемақысын төлеу бойынша 677 136,9 мың теңгеге және басқарғаны үшін сыйақы (СУ) төлемі бойынша - 429 656,8 мың теңге) төлемдерді азайтуға бастамашылық жасамаған.
Цифрландыру басқармасы аудитке «Сергек» МЖӘ шартының орындалуына бақылау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу туралы куәландыратын қандай да бір құжатты ұсынбаған. Осыған байланысты, ШӨК төлеу кезінде «Сергек» МЖӘ шартын орындауға қатысқаны үшін қомақты қаражат аударылатын жекеше әріптестік ұйымдарына бақылау болмаған.
2018-2022 жылдар кезеңінде «Сергек» МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделінің «Тікелей экономикалық пайданы бағалау» бөлімінде көрсетілген «Жиналған айыппұлдар» (51,8%) көрсеткішінің орындалмағаны және жергілікті бюджеттің «Тікелей экономикалық пайданың» болжамды көрсеткішінен 3 есе төмен екендігі анықталды, осылайша бюджетке түсетін болжанған пайда 40 446 185,0 мың теңге сомасының орнына қосымша 10 141 986,8 мың теңге ғана айыппұл түскен.
Сондай-ақ, түгендеу нөмірін беру арқылы МЖӘ-нің әрбір нысаны (мәні) бойынша негізгі құралдардың сақталуын есепке алуды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз етуге дұрыс құжаттамалық ресімдеу қамтамасыз етілмегендіктен, сондай-ақ бағалау құны болған кезде өзіндік құны бойынша қаржылық инвестицияларды көрсетпегендіктен жылдық қаржылық есептілік бұрмаланған.
Аудиторлық іс-шараның жалпы сомасы 3 156 883,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс
3 151 799,8 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 1 735 071,2 мың теңге қалпына келтірілді), бюджетке өтелуге тиіс 5 083,7 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 2 156,4 мың теңге өтелді), қаражатты тиімсіз жоспарлау сомасы 401 575,8 мың теңгені, тиімсіз пайдалану сомасы
8 070 016,3 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы
107 052,7 мың теңгені құрады, сондай-ақ 39 рәсімдік бұзушылықтар және 15 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулысы қабылданды, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.