Тексеру комиссиясы 10 жылдығын атап өтті
2021 жылғы 8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға республикалық бюджетті бақылау жөніндегі Есеп комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары,
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қаржылық бақылау саласының ардагерлері мен Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаев өзінің баяндамасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қалыптасу кезеңдері мен даму жолдарын, сондай-ақ өткен кезеңдегі қызметінің көрсеткіштерін атап өтті.
Республикалық бюджетті бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасының міндетін атқарушы Р.С. Ахметов, мәслихатының депутаттары, жергілікті атқарушы органдарының басшылары, Тексеру комиссиясының экс-төрағасы Ғ.Ө. Молдаш өздерінің ыстық лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.
Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Тексеру комиссиясының қызметкерлері мен ардагерлері Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің ведомстволық наградаларымен, Мәслихат хатшысының және қала әкімінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.