Тексеру комиссиясына – 10 жыл

Кез келген мемлекеттің қазіргі заманғы басты міндеттерінің бірі - ұлттық ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады, олардың ішіндегі ең маңыздысы мемлекеттік қаржы мен меншік активтерін тиімді пайдалану мәселесі болып саналады. Мемлекеттік аудит осы міндеттерді шешуге ықпал етуге бағытталған.

1953 жылы Гаванада жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы – ИНТОСАИ құрылды, оның мақсаты мемлекеттік аудиттің жоғары бақылау органдары арасында идеялар мен тәжірибе алмасу болып анықталды. 1977 жылы Лима қаласында ИНТОСАИ қызметін реттейтін нормативтік негізгі құжат бақылау қағидаттарының Декларациясы қабылданды.

Мемлекеттік аудиттің негізгі бағыты экономика мен оның салаларын дамытуда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бағалау негізінде бюджет қаражаты мен активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Мемлекеттік аудит саласына мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін талдау, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, оларға қол жеткізу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімділігін бағалау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, кадрлық, қаржылық, табиғи және өзге де ресурстарды басқару, сондай-ақ басқару процестерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оңтайландыру бойынша қабылданатын шаралар жатады.

Аудиттің қаржылық бақылаудан айырмашылығы - аудит жазалаушы емес, оның ескерту сипатында қызметін құрады. Егер мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі бұзушылықтарды анықтауға және ден қою шараларын қабылдауға бағытталған болса, онда мемлекеттік аудит нысаны қызметінің тиімділігін жетілдіруге және арттыруға бағытталған басқаруды бағалауды жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит қандай да бір сәйкессіздіктерді айқындап қана қоймайды, сондай-ақ мемлекеттік қаржы ресурстарын неғұрлым қайтарымды, тиімді басқарудың резервтері мен әлеуетін анықтайды.

Жалпы алғанда, мемлекеттік аудит мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономиканы және оның салаларын, мемлекеттік басқару салаларын дамытудағы қызметін бағалауды жүзеге асырады, бұл мемлекеттік қаражат пен активтерді басқару және пайдалану тиімділігін арттыру үшін ұсынымдарды уақытында әзірлеуге мүмкіндік береді. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит сыртқы және ішкі аудит болып бөлінеді.

ҚР Президентінің Жарлығы бойынша құрылған Тексеру комиссиялары жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына және мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруға аудитті жүзеге асыратын сыртқы мемлекеттік аудит органдарына жатады.

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) №15-604қ қаулысымен құрылды, 2011 жылғы 19 тамызда Астана қаласы мәслихаты сессиясының №476/68-IV шешімімен мемлекеттік мекеме туралы Ереже бекітілді. Астана қаласы мәслихаты сессиясының
(2011 жылғы 19 тамыздағы, 2011 жылғы 7 қыркүйектегі) шешімімен бекітілген Елорда Тексеру комиссиясының бірінші құрамына:

- Молдаш Ғалымжа н Өмірәліұлы – Тексеру комиссиясының төрағасы;

- Сотникова Галина Михайловна-Тексеру комиссиясының мүшесі;

- Жанбосынов Шәмшиден Өмірзақұлы-Тексеру комиссиясының мүшесі;

- Құрман Ғалым Полатұлы-Тексеру комиссиясының мүшесі;

- Спанов Мағбат Уарысбекұлы-Тексеру комиссиясының мүшесі болып кірді.

2011 жылдың қазан айында  Тексеру комиссиясының штат саны
26 адам болып құрылды.

Тексеру комиссиясы құрылған сәттен бастап халықаралық стандарттар бойынша жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне көшу жүзеге асырылды, аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің қазіргі заманғы нысандары мен әдістері енгізілді, заңнамалық және әдіснамалық база жетілдірілді, кадрлық әлеует жасақталды.

Тексеру комиссиясының құрамы көп жылдық өтілі және экономика, қаржы саласында, мемлекеттік қаржылық бақылау және салық органдары салаларында жұмыс дағдылары бар білікті қызметкерлерден қалыптастырылды, бұл өз кезегінде қалыптасу жылдарында қойылған міндеттерді тиімді және сапалы орындауға мүмкіндік берді. Тексеру комиссиясының атқаратын функциялары мен өкілеттіктері, оның қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейіне, іскерлігіне және дағдыларына, оның ішінде, халықаралық тәжірибе бойынша да жоғары талаптар қойылды. Осылайша, CIPFA халықаралық сертификаттары қызметкерлердің жалпы санынан 61,2% – ға ие болды , бұл ретте сертификатталған қызметкерлердің жалпы санына шаққанда үлесі - 80,6%-ды құрайды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы
1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тексеру комиссияларын күшейту қажеттігі туралы атап өтілді.

Бүгінгі таңда Нұр–Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік қаражатты қамтитын 836 нысанда 2 904,4 млрд.теңге мөлшеріндегі 206 аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шаралары жүзеге асырды, олардың нәтижелері бойынша 2 014,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды және 256,5 млрд. теңге мөлшеріндегі сома қайтарылды және қалпына келтірілді.

Мемлекеттік аудитордың жұмысы - бұл қажырлы күш пен жанқиярлықты қажет ететін ауырда және күнделікті жұмыс.

Бұл көрсеткіш сандарының артында Тексеру комиссиясының қазіргі төрағасы Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлының басшылығымен жүргізілетін бүкіл кәсіби ұжымның күнделікті үйлесімді жұмысы  жасырынып тұр.

Өкілді және атқарушы билік органдары және құқық қорғау органдарымен бірлескен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларымен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жөніндегі бірлескен іс-шаралар өткізу туралы (2014 жыл), Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
«Nur Otan» партиясының филиалымен өзара ынтымақтастық туралы
(2020 жыл), Экономикалық тергеу қызметімен (2021 жыл) меморандумдарға қол қойылды.

Нұр–Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы өткен он жыл ішінде даңғыл жолдан өтіп, үлкен жұмыстады атқарып, бюджет қаражатын пайдалану сақтығында тұрған және мемлекеттік аудит органдары арасында лайықты орынға ие болған нәтижелі бақылау органы ретінде қалыптасты.