Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мәселелеріне арналған отырысы
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясында (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтауы және сыбайластық жемқорлыққа қарсы алдын алу мәселелеріне арналған отырыс өтті, оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ю.Р. Ким қатысты.
Отырысты Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаев сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда аудиторлардың тексеру іс-шаралары кезінде қызметтік әдепті қатаң сақтауы жөнінде Тексеру комиссиясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып сөз сөйледі.
Одан кейін Ю.Р. Кимге сөз берілді, «Этика - мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру кезінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты негізі ретінде» тақырыпта сөйлеген баяндамашы Мемлекет басшысының 2030 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың қабылданған тұжырымдамасы бойынша сөйлеген сөзінің қорытындыларына тоқталды. Оның негізінде - адам, ең алдымен адамның мүддесіне құрылған модельді құру туралы хабарлады.
Ю.Р. Ким адамдарға бағдарланған жаңа мемлекеттік басқару моделін қалыптастыруды көрсететін Тұжырымдаманың 5-бөлімінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Цифрландыру кезеңінде мемлекеттік органдар азаматтармен жаңа байланыс арналарын құру, мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісін жеңілдету үшін жаңа бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде деп атап өтті. Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істейтін жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністегі негізгі өзгерістерге тоқталды.
Отырыс соңында Тексеру комиссиясының мүшесі - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.В. Лебо баяндамашыны толықтырып сөз сөйледі. Ол ішкі анонимді сауалнама қорытындыларына тоқталып, өткен кезеңдермен салыстырғанда ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалдың оң динамикасын атап өтті.
Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратына әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мәселелері бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.