«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылдың 2 тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы» мақала
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының негізгі мақсаты халықтың өмір сүру сапасының өсуін және қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігі мен заңдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру сайтта орналастырылған осы жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесі негізінде жүзеге асырылады www.rkastana.gov.kz.
Тексеру комиссиясы 2021 жылдың 2 тоқсанында аудиторлық іс – шара бойынша 6 отырыс өткізді, онда 15 нысан қаралды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде – 13; квазимемлекеттік сектор объектілері -2.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 102 306,7 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 1 082 580,5 млн. теңге, олар бюджетке өтелуге тиіс және/немесе құжаттарды сәйкестікке келтіру және/немесе жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілуі тиіс;
2) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының бұзылуы-208,6 млн. теңге;
3) тиімсіз жоспарлаудың салдарынан бұзылуы-19 517,6 млн.теңге.
Бұдан басқа, аудит нысандары қызметінде 335 рәсімдеу тәртібінің бұзылуы және 120 жүйелі кемшіліктер анықталды.
Бүгінгі таңда қаржылық бұзушылықтардан өтелуге тиіс 682,9 млн. теңгенің 87,1 млн. теңгесі (12,7%) өтелді, 1 081 897,6 млн. теңгенің 9 473,9 млн.теңгесі (0,9%) қалпына келтірілді.
Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар тұтастай алғанда бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептердің толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеуінен жүйелі кемшіліктердің орын алғанын көрсетті және осының салдарынан бюджет жүйесінің негізділігі мен тиімділігі қағидаттарының бұзылуына алып келген. Мысалы, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімдерінің аппараттарында олардың балансында жоқ нысандарды (көше және саябақ жарықтарын, жарық тіректерін, көшелерді, скверлерді және ауданның кварталішілік аумақтарын ұстау) қамтуға және оларға қызмет көрсетуге 13 353,7 млн.теңге сомасында бюджеттік шығындар жоспарланған.
Сондай-ақ, аудит объектілеріндегі елеулі бұзушылықтарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын орындау кезіндегі көптеген бұзушылықтарда жатады, атап айтқанда: өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тануды уақытында қабылдамау; техникалық сипаттамаларда көрсетілгендерден орындалған жұмыстар көлемінің асып кетуі; жылдың бірінші айы ішінде шарттар жасасу жөніндегі мерзімдердің бұзылуы; мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей шарттарды негізсіз жасасу және т. б. жатады.
Сонымен бірге, бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте дұрыстығы мен нақтылығының көрсетілуін тексеру барысында бұзушылықтар анықталды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде пайдалану мен есептен шығару кезінде шикізат пен материалдардың тиісті есебі жүргізілмеген, сондай-ақ материалдық құралдарды есептен шығару жөнінде қолданылатын рәсімдеу операцияларының талаптары сақталмаған.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан тұңғыш рет 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізілгенін атап өткен жөн, ол Қаржы басқармасы мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілігін толтыру қызметі елеулі және жалпыға бірдей бұрмалаулар мен анықталмаған көріністерге алып келген бұзушылықтар және кемшіліктермен жүзеге асырылатынын көрсетті. Сонымен бірге, ішкі бақылау құралдарының төмен деңгейі және тиісінше Қаржы басқармасында да, басқа бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде де (көлік, активтер, энергетика, дене шынықтыру және спорт басқармалары) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің анық көрсетілмеуінің жоғары қауіптерін анықтады.
Аудиторлық іс-шаралар туралы неғұрлым толық ақпаратты Тексеру комиссиясының ресми сайтында www.rkastana.gov.kz. танысуға болады
Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 2021 жылғы 2 тоқсан ішіндегі тексеру нысандарын тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті және сот органдарының қарауы мен шешім қабылдауы үшін 42 факті бойынша материалдар жолданды, оларды қарау нәтижелері бойынша:
- 39 факті бойынша 4 995,5 мың теңге айыппұл салынған заңды тұлғалар мен лауазымды тұлғалар тартылды;
- 2 факт бойынша әкімшілік іс жүргізу қарау сатысында;
- 1 факт бойынша әкімшілік іс қозғаудан бас тартылды.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға және аудит объектілеріне, олардың жұмысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі 20 ұсыным мен 60 тапсырма жіберілді.
Ағымдағы жылы Тексеру комиссиясы жүктелген өкілеттіктер шеңберінде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары бұзылуының алдын алу және оларды азайту мақсатындағы жұмысын әрменқарайда жалғастыратын болады.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойыншаТексеру комиссиясы» ММ