Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының есебі бекітілді
Ағымдағы жылдың 4 маусымында өткен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының отырысында
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі қаралып, бекітілді, есеп өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының
2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі елорда бюджетінің орындалуының барлық параметрлерінің талдауын, жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін бағалауды қамтиды.
Жалпы, Тексеру комиссиясы астана әкімдігінің өткен 2020 қаржы жылы бюджеттің орындалуының негізгі параметрлеріне қол жеткізгенін атап өтті. Алайда, жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуының талдауы мен бағалауы салықтық және салықтық емес түсімдердің сапасыз және тиімсіз жоспарланғанын көрсетті.
Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бағдарламаларды жасау жөніндегі талаптарды сақтамайды. Көрсетілген жүйелі рәсімдік бұзушылықтар жылдан жылға қайталанады, әсіресе бюджеттік жоспарлау және бюджетті толық орындау жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік рәсімдердің сақталуына тиісті назар аудармайды.
Шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша елеулі және жаппай бұрмаланулар мен мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуінің себебінен жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің жете зерттелгендігі туралы пікір білдіруден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Дағдарысқа қарсы іс-шаралар, оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру бойынша жүргізілген тексеру іске асыру барысында көптеген кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтады.
Есепті талқылау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депуататтары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді бюджеттік бағдарламалардың сапалы және тиімді іске асырып, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты.