Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің төрағалығымен Тексеру комиссиясының төрағасы И. Л. Ақпомбаевтың, әкімнің орынбасарлары мен Басқарма басшыларының қатысуымен мемлекеттік аудиттің қорытындылары және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елордада әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражатты игеру мәселелері бойынша кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында И.Л. Ақпомбаев аудиторлық іс-шаралардың негізгі қорытындылары туралы хабардар етіп, бюджетті жоспарлау және атқару, салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілік жасау және мемлекеттік сатып алу салаларындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негізгі кемшіліктері мен олқылықтарын атап өтті, құрылыс, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, мемлекеттік органдар мен «Аstana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметі мәселелеріне тоқталды. Одан басқа, дағдарысқа қарсы қаражатты іске асыру мониторингінің алдын ала нәтижелері қаралды.
Қала әкімі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына бюджет қаражатын игеру тиімділігін күшейту және жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау жөнінде тапсырмалар берді.