2020 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Тексеру комиссиясының салтанатты отырысы өтті

Салтанатты отырыс Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаев өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі заңның тарихи маңыздылығын атап өтті.

Әріптестерін құттықтай отырып, Иманжүсіп Латкенұлы мемлекетіміздің өркендеуін, алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.