Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасының және оған бағынысты ұйымдарының қызметінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша бақылау іс-шараларының қорытындысы шығарылды
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.У. Спановпен жалпы сомасы 1 389,5 мың теңгеге жіберілген қаржылық бұзушылықтар туралы атап көрсетілді, оның ішінде бақылау барысында 1 333,5 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органға және оған бағынысты ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.