Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Астана қаласында білім беру ұйымдары жүйесінің дамуының тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды
Отырыс барысында Астана қаласының білім беру саласындағы ұйымдардың проблемалары, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын орындау кезіндегі туындайтын, білім беру объектілерін материалдық техникалық жабдықтау мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және білім беру ұйымдарына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.