Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Астана қаласының көліктік инфрақұрылымын дамытуға және қамсыздандыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды

Отырыс барысында елордада көліктік инфрақұрылымды дамыту, жолдарды салу және қайта жаңарту, жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.