Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2013 жылғы 4 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалымен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Меморандумның негізгі мақсаты бюджет қаражатының пайдаланылуына қоғамдық бақылау саласында өзара әрекет етудің механизмін дамыту және жетілдіру үшін ынтымақтастық орнату, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында бюджеттік-қаржы процесіне ұқыпты және саралай қарау туралы тапсырмасын орындау болып табылады.