Ағымдағы жылғы 12 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Құрылыс басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылаумен құқық қорғау органдарының, Бас прокуратураның және білім беру объектілерін салу бюджеттік бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қамтылды.
Бақылау барысында Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілеріне қол қойғаннан кейін жұмыстарды орындау, жобалар құнының қымбаттау, жекелеген жұмыс түрлері құнының жоғарлауы, сондай-ақ орындалмаған және сапасыз орындалған жұмыстар көлеміне төлеу және т.б. фактілер анықталды.
Бақылау қорытындысы бойынша қалпына келтіруге және өтеуге жататын анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 77 485,1 мың теңгені құрады, оның ішінде бүгінгі күнге 65 750,9 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.