Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті
Отырыс барысында «Қазақстан» спорт сарайы» ШЖҚ МКМ-де бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалауды бақылаудың қорытындылары шығарылды.
Мекеменің мемлекет активтерін пайдалануда тиімді пайдалану, үнемділік және нәтижелілік принциптерін сақтау бойынша жұмыстарының жеткіліксіздігінен Қазақстан Республикасы бюджеттік және басқа да заңнамасының жалпы 23,4 млн. теңге сомасында орнына келтіруге жататын бұзушылықтарына әкелгені анықталды.
Соңымен бірге, кейбір негізгі құрал жабдықтарға тозу мөлшерлері аса көтерілген, ол шығындырдың өсуіне және таза пайда көлемін төмендеуіне, қаржылық шаруашылық есебін бұрмалауына әкеліп соқтырды.
Отырыстың қорытындысы бойынша өкілетті органдарға сәйкес тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.