Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау, сондай-ақ Стратегиялық жоспарды бағалаудың қорытындысы шығарылды.

Бақылау қорытындысы Басқармамен Стратегиялық жоспардың жекелеген мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері жыл соңында қалыптасқан нақты көрсеткіштермен сәйкес келтіру жолымен қол жеткізілгенін көрсетті.

Сондай ақ, Басқармамен кондоминиум нысандарында жайлар (пәтер) иелерінің ортақ мүлігін пайдалану, ұстау, пайдалануға беру және жөндеу тәртібін сақтаудың бақылау нәтижелеріне мониторинг жүргізілмейді.

Бақылау барысында, Басқарма мемлекеттік мекемелерде Бухгалтерлік есептілік бойынша нұсқаулықты бұза отырып, 2012-2013 жылдарға жалпы сомасы 91 913,5 мың теңгеге тиісті уақытында сандық түрде техникалық қорытындылар кіріске алынбаған.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер