Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қорытындысы шығарылды.

Бақылау қорытындысы мемлекеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті органмен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған рәсімдердің сақталмайтынын көрсетті.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеудің бағасын негіздейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауға қажетті есептер бекітілген талаптарды бұзумен жүзеге асырылып, нәтижесінде қала бюджеті артық шығындарға ұшырайды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер