Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау, сондай-ақ Стратегиялық жоспарды бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылау қорытындысы Басқармамен Стратегиялық жоспардан жыл соңында жоспарланған іс-шаралар, олардың жүзеге асырылмағанына байланысты алынып тасталынып отырғанын, бюджет бағдарламасында қарастырылған тікелей көрсеткіштер толық көлемде орындалмағанын, сондай-ақ есептілікті бұрмалау фактілерінің жіберілгенін көрсетті.
Мұрағат сақталып тұрған ғимараттарда күзет дабылының жүйесі жоқ, сондай-ақ Пригородный кентінде орналасқан Мемлекеттік мұрағаттың ғимаратын жылытуға пайдаланылатын дизельді жағармайды сақтау ыдыстарында есептеу құралдары қарастырылмаған.
Сонымен бірге, Мемлекеттік мұрағаттың штатында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін мамандар жұмыс істейді, кейбір мамандарға жұмыс өтілі дұрыс белгіленбеген, мұрағат құжаттарымен жұмыс атқармайтын мамандарға заңсыз түрде қосымша төлемдер төленген.
Бақылау қорытындысы бойынша Басқармада және Мемлекеттік мұрағатта жалпы сомасы 21 517,3 мың теңгеге бұзушылық анықталды, оның ішінде бақылау барысында қалпына келтірілген 298,9 мың теңге қаражат қалпына келтіруге (бюджетке өтеуге) жатады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.