«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алумен ескерту. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы» атты дөңгелек үстел өтті

Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен ескерту. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы» тақырыбына қатысты Астана қаласы Прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары Б.Ә. Мелдебеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.П. Ақтөреевтің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш өзінің баяндамасында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Елбасымыздың тікелей назарында екендігі, жыл сайынғы халыққа Жолдауында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Форумдарда, «Нұр Отан» партиясының мәжілістерінде Қазақстан Республикасының Президенті бұл төңіректе барынша айқын және барынша нақты міндеттер қойып отырғандығын жеткізді. Бұл орайда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы ретінде үлкен жауапкершіліктер жүктелгендігін атап өтті.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында Астана қаласының Прокуратурасы мен Тәртіптік кеңестің жауапты қызметкерлері баяндамалар жасады.

Баяндамаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер беріп өтті. Сонымен қатар Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға нақты мысалдарды келтіре отырып, дөңгелек үстел қатысушыларына жеткізді.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде аталған індетке барлық мемлекеттік қызметшілер бірігіп күрес жүргізу арқылы ғана нәтижелерге қол жеткізетінділігі атап өтілді.

Кездесу соңында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметкерлерімен сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен оның көріністеріне ерекше көңіл болу туралы және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін қатаң сақтаудың қажеттігі жөнінде шешім қабылданды.

Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы 31.01.2014 ж.

Мәжілістен фотосуреттер