Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2014 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевтің Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы ұжымымен кездесуі өтті

Парламент депутаты өз сөзінде, біздің еліміздің әлемнің дамыған елдері қатарына ену концепциясын жүзеге асыру бойынша, негізгі бағыттарын айтып өтті. Бұл аса маңызды құжаттың бірегейлігі және ауқымдылығы, оның «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді бағыттарын анықтап қана қоймай, сондай ақ, елімізі дамытудың барлық салаларының басым бағыттары бойынша нақты қадамдарын анықтауында.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө.Молдаш және мемлекеттік мекеменің басқа да қызметкерлері құжаттың мазмұны бойынша өз пікірлерін білдірді. Олар «Жолдау, әдетте, қоғам өмірінің аса маңызды салаларын қозғайды және мемлекет дамуының серпінді жан жақты мәселелеріне арналған» деген пікірлерінде бірауызды болды.