Ағымдағы жылғы 6 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінген бюджет қаражатының және «Астанагорархитектура» ЖШС-де мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі М.М. Ахметов бюджет және басқа да заңнама бұзушылықтары жіберілгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама рәсімдерін орындау тәртібінің сақталмауына қатысты және басқа да талаптарының бұзушылықтары жіберілгенін атап өтті.
Бақылау қорытындысы Астана қаласын дамытудың бас жоспарының кейбір технико-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, кейбір жоспарлы көрсеткіштер көтермеленген, оларға қол жеткізуге мониторингтің жүзеге асырылмай отырғанын көрсетті.
Осы уақытқа дейін сыртқы жағы керамограниттан және алюкобондтан әрленген ғимараттарды қолданысқа өткізу тәжірибесі әлі де орын алып отыр. Салынып жатқан тұрғын үй кешендері автокөлік паркингтерімен толық жабдықталмаған.
Астана қаласында сыртқы (көзбен шолу) жарнама нысандарының басым көпшілігі Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының рұқсатынсыз орналастырылған, бұл қаражаттың жергілікті бюджетке толық түспеуіне алып келеді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.