Ағымдағы жылғы 7 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласында инфокоммуникациялық технологияларды енгізу және пайдалану тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрман «Электрондық әкімдікті» дамыту» жобасының ТЭН түпкілікті нәтижелерінің жекелеген көрсеткіштері сандық түрде өлшенбейтіні және оларға қол жеткізу тікелей нәтижелердің көрсеткіштерін анықтамайтынын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімінің аппаратына тиісті тапсырмалар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.